№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

КӘСПТІК БАҒДАР/ӨНДІРІСТІК САЯХАТ

Бүгін 2025 жылдың 7 қарашасында №76 жалпы білім беретін мектепте Жұмысшы мамандықтар жылы аясында мектеп оқушыларына «Спортшыдан ұстазға дейін: дене шынықтыру әлеміне саяхат» тақырыбында өндірістік саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: колледжді және «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығын жарнамалау, оқушыларға мамандықты дұрыс таңдауға кәсіби қолдау көрсету.

«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы- тек спорт емес, ол шыдамдылықтың, тәртіптің және шабыттың мектебі. Дене тәрбиесі мұғалімі – ел болашағын тәрбиелейтін тұлға, ұлт денсаулығының кепілі. Іс-шара барысында оқушылар дене тәрбиесі мұғалімі мамандығының мәнін тереңірек түсінді деп ойлаймыз.

Спорт пен тәрбие қатар жүретін бұл мамандық – нағыз жүрек қалауы.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.