№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«Бір мектеп – бір дағды» жобасы аясындағы кәсіби бағдарлау шаралары

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы №180, №187 бөбекжай-балабақшасында және №211 мектеп-гимназиясында «Бір мектеп – бір дағды» жобасы жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу шеңберінде жүзеге асырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға кәсіптік бағдар беру, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгерту, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауға бағыт көрсету.

Жобаның өткізілу мерзімі:

  • 2025 жылдың 7 сәуірі мен 18 сәуірі аралығы.

Жүзеге асырылған шаралар:

  • Мектеп оқушылары №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінің базасында орналасқан заманауи жабдықтармен жабдықталған кабинеттерге экскурсия жасады.
  • Сондай-ақ мектеп-гимназия және мектепке дейінгі ұйымдарға танымдық сапарлар ұйымдастырылды.
  • Экскурсия барысында оқушыларға әртүрлі мамандықтар бойынша дидактикалық ресурстар көрмесі ұсынылды.
  • Шеберлік сабақтар, педагогикалық жағдаяттар мен психологиялық тренингтер өткізілді.

Нәтижесі:

  • Жоба аясындағы іс-шаралар оқушылардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға ықпал етіп, олардың кәсіптік бағдарын айқындауға көмектесті. Сонымен қатар, педагогикалық және жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.