№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«БІЛІМ АЛМАСУ» ШЕБЕРЛІК-СЫНЫБЫ

2025 жылдың 24 қыркүйегінде №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінің базасында ерекше форматта ұйымдастырылған «Білім алмасу» атты шеберлік-сыныбы табысты өтті. Іс-шара Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен колледж педагогтеріне, әкімшілік және техникалық қызметкерлеріне арналды.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттерді тек білім алушы ғана емес, сонымен қатар білім таратушы тұлға ретінде қалыптастыру, оларды кәсіби ортада ой еркін жеткізе алатын, заманауи технологияларды меңгерген маман ретінде дамыту.

Педагогтерге арналған шағын сабақта бастауыш білім беру мамандығының 3 курс студенті Туляубай Қарақат «Педагогикалық практикада тиімді қолданылатын жасанды интеллект (ЖИ) қосымшалары» тақырыбында мазмұнды әрі практикалық бағыттағы шеберлік-сыныбын өткізді.

Техникалық қызметкерлерге арналған тренингті информатика мамандығының 3 курс студенті Сейтжан Дәулет жүргізді. Ол «Техникалық қызметкерлерге арналған eGov порталы және цифрлық қызметтер» тақырыбында егжей-тегжейлі ақпарат беріп, ЭЦҚ алу, электрондық анықтамалармен жұмыс істеу, IBAN шотын анықтау, онлайн санитарлық кітапша рәсімдеу сынды маңызды цифрлық қызметтерді тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетті.

«Білім алмасу» жобасы студенттердің білім мен тәжірибені бөлісуге дайын, заманауи талаптарға бейімделген тұлғалар ретінде қалыптасып келе жатқанын дәлелдеді. Бұл шара өзара құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті дамытуға үлес қосты.

№1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі алдағы уақытта да осындай мазмұнды жобаларды жалғастыруды мақсат етіп отыр. Өйткені бүгінгі студент – ертеңгі білікті маман ғана емес, қоғамға пайдалы азамат болуға ұмтылуы тиіс. Ал мұндай жобалар сол жолда үлкен тәжірибе мектебі бола алады.

#біздіңТжКБ #PROFМарафон #нашеТиПО #Talap #жұмысшы мамандықтар жылы

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.