«2025 Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Алматы қаласы техникалық және кәсіптік білім беретін 10 оқу орнының білім алушылары қатысуымен «Ұлы даланың – ұлттық ойындары» тақырыбында турнир ұйымдастырылды. Турнирде 5 ұлттық ойын түрі: «Асық ату», «Бестас», «Тоғызқұмалақ», «Томпай ату», «Арқан тарту» ойын түрлерінен бақ сынасты. Турнир барысында білім алушылар ұлттық ойындар тақырыбында академиялық тәжірибе алмасты, ұжымдар арасында ынтымақтастық, достықты нығайту, салауатты өмір сүру салты насихатталды. Жалпы командалық есепте колледждер төмендегідей нәтиже көрсетті.
I – орын №1 Алматы қазақ гуманитарлық -педагогикалық колледжі
II – орын Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі
II – орын Алматы технологиялар және флористика колледжі
III – орын Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі орындар иеленді.