Еңбек нарығында мамандарға деген қажеттілігін айқындау үшін «Ұстаздық- шеберлік академиясы» тақырыбында Алматы қаласы Мансап орталығының мамандарымен, мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырудағы мақсат – бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша ортақ диалог алаңын құру және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы керекті ақпараттар алуына қолайлы жағдай жасау. Биылғы оқу жылында бітіретін 570 бітіруші түлектердің ішінен оқу үрдісін үздік аяқтаған және мемлекеттік дипломалды практикада өзін кәсіби тұрғыда танытқан 20 жас маманға жұмысқа орналасуға төмендегі мамандықтар бойынша сертификаттар тапсырылды.
№151 жалпы білім беретін мектеп
3 сертификат – «Бастауыш білім беру мұғалімі»
3 сертификат – «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі»
№44 мектеп-гимназия
1 сертификат – «Шетел тілі мұғалімі»
1сертификат – «Бастауыш білім беру мұғалімі»
ЖМ «Үркер» мектеп
1 сертификат – «Дене тәрбиесі мұғалімі»
1 сертификат – «Шетел тілі мұғалімі»
№90 бөбекжай-балабақша
2 сертификат – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі»
№167 бөбекжай-балабақша
1 сертификат – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі»
№92 бөбекжай-балабақша
4 сертификат – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі»
№142 бөбекжай-балабақша
4 сертификат – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі»
№69 бөбекжай-балабақша
1 сертификат – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі»
« Еркем-Ай Голд» бөбекжай-балабақша
1 сертификат – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі»
« Немере и компания» бөбекжай-балабақша
1 сертификат – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі»
Алматы қаласы Мансап орталығының басшысы Жукенова Алтынай Аязбаевна колледждің бітіруші түлектеріне Жастар практикасы бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасудың бірнеше мүмкіндіктерін атап өтті.Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру жас мамандарға ғана емес, жұмыс берушілер үшін де маңызды болды.
Бүгінгі іс – шарада бітіруші түлектер мамандықтарын жан-жақты саралап, жұмыс беруші мекеменің қоятын талаптарын ескере отырып, өзге де пайдалы ақпараттар алды.
Колледждің болашақ жас мамандарына кәсіби маман иесі болуға сенім артамыз!