№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

КӘСІПТІК БАҒДАР / КӘСІПОРЫНҒА САЯХАТ

Сәуір айының 3, 4, 11, 18 жұлдызында оқу орнында жұмысшы мамандықтар жылы аясында Түрксіб ауданы білім бөлімінің қолдауымен Түрксіб ауданы жалпы білім беретін мектептерінің 9 сынып оқушыларымен кәсіпорындарға саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға саяхат арқылы педагогикалық мамандықтың мәнін, әлеуметтік маңызын практикалық тұрғыда көрсету, болашақ мамандықтарын таңдауға кәсіби бағдарлы қолдау көрсету.

03.04.2025ж Алматы қаласы Түрксіб ауданы  №187 бөбекжай-балабақшасы «Сенің мамандығың –сенің болашағың: Табысқа жету жолдары» атты өндірістік саяхат жоспарланып өткізілді. Мақсаты: қатысушы оқушыларға  мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, еңбек нарығындағы заманауи трендтерді таныстыру және өз кәсіби бағытын дұрыс анықтау үшін қажетті құралдар мен әдістерді ұсыну.

Оқушыларды бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Ф.Қ.Омарбекова ғимараттың танымдық- зияткерлік кабинеттерімен таныстырып шықты. Саяхаттың жалғасы мектепке дейінгі ұйымның негізгі ұйымдастырылатын жұмыс түрлерімен жалғастырылды.

«Сиқырлы сандар» тақырыбында, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4курс студенті Ахметбаева Сымбат ашық ұйымдастырылған іс-әрекетін көрсетті. Оқушыларға мамандыққа байланысты  «Talkingco» қосымшасы арқылы дайыналған тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар мен балалардың белсенділігін арттыру үшін «Worldwаll» қосымшасында бірлескен тапсырмалар берілді.Саяхат барысында талапкерлерге болашақ мамандықтарын таңдауға, бағдар жасауға ықпал жасалды.Болашақ талапкерлер сұрақтарын қойып, мамандыққа деген қызығушылықтарын білдірді.

04.04.2025ж Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №59 мектеп – гимназиясының базасында Түрксіб ауданы жалпы білім беретін мектептерінің 9 сынып  оқушыларына  «Мұғалім болу – тренд емес,миссия» тақырыбында өндірістік  саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: Мұғалім мамандығының маңыздылығын және колледжіміздегі қабылданатын мамандықтар туралы ақпарат беру, олардың педагогикалық бағыттағы қызығушылығын арттыру және білім беру саласындағы мүмкіндіктерді таныстыру.

№59 мектеп – гимназиясы базасымен таныстырылым жасалған соң  кәсіптік бағдар оқушыларды қызықтыратын  тренингтермен жалғасты. Оқушыларды нөмерлер арқылы топқа бөліп, аудиториямен жұмыс жүргізілді. «Мамандығыңды таңдап, бізбен бірге білім ал!» тақырыбында колледждегі мамандықтар туралы анықтама берілді.Филворд  шешу арқылы мамандық қатысты сөздерді таба білді.«Қол мидың жалғасы» тренингіне оқушылар өз қолдарын қағаз бетіне салып,болашақта қандай мамандық иесіне лайық екенін анықтады. «Мамандықтар викторинасы» мамандыққа байланысты суреттер беріліп, әр мамандықтың атауын аудиториядағы оқушылар шешуге тырысты. Мамандықтарға байланысты жағдаяттық сұрақтардың шешімін тауып, өз ойларымен еркін бөлісті.

Мұғалім – жай ғана білім беруші емес, ол болашақ ұрпақты тәрбиелеуші, адамзаттың келешегін қалыптастырушы екені бүгінгі іс-шараның айқын дәлелі болды.

11.04.2025ж Түркісіб ауданы №180 бөбекжай-балабақшасында «Сенің мамандығың -сенің болашағың» атты өндірістік саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының мәнін, маңызын түсіндіру, еңбек нарығындағы заманауи трендтерді таныстыру және өз кәсіби бағытын дұрыс анықтау үшін қажетті құралдар мен әдістерді ұсыну. Бөбекжай-балабақшаның әдіскері Тлекеева Айгуль Сламжановна оқушыларды ғимараттың кабинеттерін аралатып таныстырып шықты.  Өндірістік саяхат мектепке дейінгі ұйымда  ұйымдастырылатын жұмыс түрлерімен жалғасын тапты.   Музыкалық сахналық қойылым «Адасқан құмырсқа» мектепалды «Аққу» тобы балаларының қатысуымен ұйымдастырылып өткізілді. Балалар өз өнерлерімен тәнті етіп, оқушыларды өздеріне баурап алды. Келесі кезекте  колледж түлегі тәрбиеші Керимбаева Ляйля Шайзолдановнаға сөз берілді. Тәрбиеші өз тәжірибесі мен мамандығының қыр-сырымен таныстырып өтті.

«Гала сағат» әдісі арқылы сағаттың түсі бойынша  оқушылар топтарға бөлініп мамандық туралы сұрақ-жауапқа  атсалысты. Оқушылар балалармен бірге «Сиқырлы Вулкан» экспериментін жүргізді. Музыканың сүймелдеуімен нейро жаттығу жасатылды. Өндірістік саяхат оқушыларға өте қызық болды. Қорытынды барысында оқушылармен “Алма ағашы” әдісі арқылы рефлексия жүргізіліп оқушылар өздерінің бүгінгі саяхаттан алған әсерлерімен, ой -пікірлерімен бөлісті.

18.04.2025ж Алматы қаласы,Түрксіб ауданы, №211 мектеп-гимназиясында талапкерлерге кәсіптік бағдар беру мақсатында «Ұстаз болу -жүректің батылдығы» атты іс-шара өтті. Аталған іс – шараға Түрксіб ауданы мектептерінің 9 сынып оқушылары қатысты. Іс- шара барысында педагогикалық мамандық иелері өз тәжірибелерімен бөлісіп болашақ кәсіби өмірге қатысты пайдалы кеңестер ұсынды. Талапкерлер мұғалім мамандығының маңызы, колледждегі қабылданатын мамандық түрлері туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар білім беру саласындағы мүмкіндіктер, жаңа мамандықтар атласына саяхат жасалды. Дұрыс мамандық таңдау-табысты болашақтың кепілі!

Өндіріске саяхат- талапкерлерге педагогикалық мамандықтың ерекшелігін, әлеуметтік маңызын түсінуге, тренингтерге қатысып, практикалық тұрғыдан көруге мүмкіндік берді.

 

 

 

 

 

 

    

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.