№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

КӘСІПТІК БАҒДАР / «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ

Сәуір айының 16 жұлдызында оқу орнында жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы қаласы жалпы білім беретін мектептерінің 9 сынып оқушыларына «Болашақ ұстаз- жарқын болашақ кепілі» тақырыбында  ашық есік ұйымдастырылды. Мақсаты: №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледж базасымен, мамандықтармен таныстыру, оқушыларға педагогикалық мамандықтың мәнін, әлеуметтік маңызын көрсету, болашақ мамандықтарын таңдауға кәсіби бағдарлы қолдау көрсету.

Іс-шараға Алматы қаласы жалпы білім беретін мектептерінен 150 оқушы қатысты.Талапкерлер колледждің материалдық-техникалық базасын саяхаттаған соң, мәжіліс залына жиналып, іс-шараның салтанатты ашылуын тамашалады. Ашық есікті колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары – А.Б.Алимжанова алғы сөзімен бастады. Оқушылар мәжіліс залынан мамандық бойынша секцияларға бөлініп, шеберлік сыныбына қатысты. Шеберлік сыныптарында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», «Дене тәрбиесі және спорт», «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Шетел тілі мұғалімі», «Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі» мамандықтарымен жақын танысып, қызықты ойындар мен тренингтерге қатысты.

Оқушылар педагогикалық мамандықтар туралы нақты мәлімет алып, мамандықтарға деген қызығушылық тудырғанын өздерінің кері байланыстарында білдірді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.