№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«STEAM  ЖӘНЕ STEM ЦИФРЛЫҚ ОРТА – ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ»

«STEAM  ЖӘНЕ STEM ЦИФРЛЫҚ ОРТА – ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ» ҚАЛАЛЫҚ  СЕМИНАРЫ

 

18.03.2025ж Алматы қаласы Білім  басқармасы қалалық   білім  берудегі   жаңа  технологиялардың  ғылыми   әдістемелік   орталығымен бірлесе отырып, №1 Алматы қазақ гуманитарлық педагогикалық колледжінде «STEAM  және STEM цифрлық орта – функционалдық сауаттылықтың негізі ретінде» қалалық  семинар-практикум өтті. Іс-шара Алматы қ. Білім   басқармасы ҚББЖТҒӘО ның  жетекшісі Г.Ж. Сүлейменова және №1 АҚГПК директоры М.Т. Мендгазиеваның құттықтау сөзімен ашылды. Пленарлық отырыста «ЖжКББ» пәндік циклдык комиссиясының төрайымы: Капасова А.А. «STEAM – подход и цифровая образовательная среда: формирование функциональной грамотности в современном мире»  тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар спикерлермен бірге “AI-STEM Navigator” әдісімен топтасып, төрт бағыт бойынша секцияда практикалық жұмыс жасады.  1-секция «Функционалдық сауаттылықты дамытуда жасанды интеллекті қолдану», 2-секция «Биология мен информатика пәндерін интеграциялау барысында цифрландырудың заманауи трендтері», 3-секция  «Quizrise платформасын білім алушылардың оқу жетістігін анықтауда қолдану», 4-секция  «Құбылыстармен процесстердің қарапайым зерттеу әрекеттерін меңгертуде STEAM элеметтерін қолдану» Секцияларда ғылым, технология, инженерия, өнер және математиканы біріктіру студенттердің функционалдық сауаттылығын, креативті ойлауын және практикалық міндеттерді шешу дағдыларын қалай дамытатынын талқылап, тәжірибе алмасты.

Қатысушылар кері байланыста оқу процесіне STEAM-жобаларды енгізу және әзірлеу,      STEAM-тәсілді жүзеге асыру үшін цифрлық білім беру платформаларын қолдану,    нақты кейстер мен оқыту әдістерін талдау, сыни және шығармашылық ойлауды дамыту,         өнер мен технологияларды оқу сағаттары мен жобаларға интеграциялауға арналған тәжірибе алып, әдістемелік тұрғыда жаңа идеялар алып, өз жұмыстарына қосатынымен бөлісті.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.