Жылдық жоспарға сәйкес оқытушылардың IT құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың 14 қаңтарында практикалық оқу семинарлар циклі ұйымдастырылды. Информатика пәнінің оқытушылары – Қылышбекова Н.С., Абай Қ.,Айтбаев Е.А., Омаров Б.О., ақпараттық технологияны қолдану тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда оқытушылар «UNISLIDE.IO» платформасы мүмкіндіктерін сабақта қолдану жолдарын, «QuizRise» платформасында тиімді тестілеуді ұйымдастыруды, «Emaze» программасында 3D презентация жасау және оның басқа да мүмкіндіктерін, «Miro.com» онлайн тақтасының мүмкіндіктерін сабақта тиімді қолдану жолдарын практикалық тұрғыда жасап үйренді. Жыл сайын ұйымдастырылатын АКТ құзыреттіліктерді дамыту оқу практикалық семинарлары -қоғамның заманауи талаптарына сәйкес оқытушының ақпараттық білімін жетілдіруге орасан зор үлесін тигізуде. Заманауи бағдарламаларды, жасанды интеллекті колледж оқытушылары кәсіби қызметтерінде табысты қолдануда.
№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ
Menu
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Пәндік-циклдік комиссиялар