№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«ТІЛ –ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» қалалық байқауы

Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық   колледжі базасында «Тіл –халық қазынасы» атты мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында қалалық  байқау өткізілді. Байқауға еуропалық  ұлтты 2 курста оқитын білім алушылар шақырылды. Жалпы саны 18 колледжден, он сегіз қатысушы қатысты.Қалалық байқаудың бағдарламасы үш кезеңді қамтыды. «Сәлем беру салтымыз» кезеңі бойынша  қатысушыларға түрлі шығармашылық жанрда (өлең жолдарымен, түрлі аспаптармен) өзін-өзі таныстыру бойынша 3 минут уақыт берілді. «Білімдіге дүние жарық» кезеңінде берілген ұяшықтардағы  тақырыптық тапсырмаларға жауап беру ұсынылды.Тақырыптық тапсырмалар бойынша  Қазақ халқының мақал-мәтелдері, қазақтың ұлы жазушылары, ойшыл-ұстаздары, ағартушылары, қазақ халқының хандары, билері туралы, қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен зергерлік бұйымдары т.б. туралы  қатысушылардың білімдері бағаланды. “Білім –таусылмайтын кен” кезеңі бойынша қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасы  бойынша 20 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын « EduPage »платформасында орындады. Нәтижесінде білім алушылардың өнерлері мен білімі бағаланып, әділ шешім шығарылды.

1-орын Елсукова Виктория (№2Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжі) 2-орын Семина Алина (Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі) 3-орын Пигулевская Елизавета Жоғары медициналық колледжі) 3-орын Балуев Михаил (Алматы жолаушылар көлігі және технология колледжі)

Қатысушылар арасында Катвицкий Давид “Тіл тілекшісі”, Кременкова Дарья “Талапты жас”,Ежов Александр “Ізденімпаз студент” номинациясымен марапатталды.

 

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.