Оқу орнында 9 қаңтар күні «Оқытушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін жетілдіру және дамыту» тақырыбында практикалық оқу семинары өтті. Мақсаты: Цифрлық технологияларды практикалық түрде қолдану арқылы, оқытушылардың АКТ құзыреттіліктерін дамыту;
Жылдық жоспарға сәйкес семинарлар циклі ПЦК оқытушыларына практикалық тұрғыда өтілді. Информатика пәнінің оқытушылары Қылышбекова Назгүл Саттаровна «Gynzy.com» платформасын мүмкіндіктерін сабақта қолдану», Токмурзаева Мадина Борамбайқызы «Gimkit.com” платформасын мүмкіндіктерін қолдану жолдары», Омаров Батыр Оразкенұлы «D-ID” платформасының мүмкіндіктерін сабақта қолдану», Алимкулова Балжан Нарикбаевна «Animaker.ru» платформасында қолжетімді анимациялық бейнетүсірілімдер, презентация жасау» мүмкіндіктері тақырыптарын оқытушыларға түсіндіріп, практикалық тапсырмалар орындатты. Мұндай бағдарламалардың оқытушылардың өз сабақтарында тиімді қолдануына зор мүмкіндіктерін беретініне сенімдіміз.