№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Жас ұрпақтың  білімді, саналы, жан-жақты болып қалыптасуы – ұлт болашағы үшін қашанда маңызды

Жас ұрпақтың  білімді, саналы, жан-жақты болып қалыптасуы – ұлт болашағы үшін қашанда маңызды. Ал оған ықпал ету- ең алдымен білім ордалары мен ана-аналарға жүктелген міндет.
Оқу орнында  «Білім беру  үрдісіндегі  колледж бен   ата-аналардың байланысы» тақырыбында 1 курс студенттерінің  ата-аналар жиналысы болып  өтті.
Колледж директоры  М.Т.Мендгазиева  колледждің материалдық- техникалық базасымен таныстыра отырып, студенттердің оқып, білім алуы мақсатындағы  жаңа оқу-техникалық құралдармен жабдықталған заманауи оқу кабинеттері,  50444 мыңға  жуық кітап қоры бар кітапхана, студенттік жатақхананың жайы  туралы баяндама  жасады.
Колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ә.Б.Әлімжанова оқу үрдісінің ерекшеліктерімен   таныстырды.
Күн тәртібіндегі   мәселе бойынша колледж  директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.А.Байтекеева  білім алушылардың тәрбиесі мен тәртібі, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың  алдын алу, теріс діни ағымдардың ықпалының алдын алу,  қыздар арасында ерте жүктілік және оның алдын алу мәселелері туралы айтты.
Бөлім меңгерушісі Э.А.Ташиева ата-аналармен қызықты тренингтер жүргізді. Ата-аналар жиналысы ашық диалог түрінде өтіп, өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша толық ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды. Ата-аналар тарапынан да қатысушылар сөйлеп, болашақ мамандар даярлауда  ауқымды жұмыстар атқарып жатқан колледж ұжымына алғысын білдірді. Жиын соңында колледж басшысы бəсекеге қабілетті тұлға даярлауда ата-аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.