Халықаралық ынтымақтастық – колледжді дамытудың стратегиялық жоспарының маңызды бағыттарының бірі. Ол оқу орнының жұмысын әлемдік тәжірибе алаңында көрсетуге, білім беру саласында көш ілгері тұрған білім ошақтарының технологиялық жетістіктерін, әлемдік стандарттарға негізделген озық тәжірибелерін енгізуге мүмкіндік береді.Осыған орай оқу орнымызға Пекин қаласының Жастар саясаты институтынан Ян Чжичэн мырза бастаған бірнеше қытай делегациясы өкілдері келді. Қонақтар оқу орнымыздың базасымен, «Мектепке дейінге тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша әдістеме сабақтарының фрагменттерімен, оқу-өндірістік базамен және студенттердің практикадан өту барысымен танысты. Кездесу соңында колледж директоры М.Т.Мендгазиева мен Цзя Ицунь мырза Қазақстан мен Пекиндегі Жастар саясаты институты арасында білім беру саласындағы байланыстарды кеңейту, тиімді қарым-қатынас пен мәдени алмасу алаңын құру, жастармен халықаралық байланыс орнату мақсатында Меморандумға қол қойды.
Халықаралық ынтымақтастық – колледждің ғылыми әлеуетін арттыруда, кәсіби бағдар беруде, оқу процесін тиімді ұйымдастыруда тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.