2023 жылдың 23-ақпанында «Жеке пәндер әдістемелері» ПЦК-ның ұйымдастыруымен аралас форматта кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ КОЛЛАБОРАЦИЯ: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ІЗДЕНІС» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Ғылыми практикалық конференцияға Ресей, Қырғызстан, Республикамыздың барлық аймақтарынан кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері мен оқытушылары қатысты.
Конференцияның мақсаты: Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы студенттердің ғылыми зерттеу әдіснамасын дамыту, жас ізденушілердің зерттеу нәтижелері мен инновациялық тәжірибесі туралы ғылыми ақпарат алмасып, ғылыми таным мен эксперименттік зерттеулердің әртүрлі деңгейлерін қарастыру.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда 4 бағыт бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары қаралды:
- Мектепке дейінгі білім берудегі басымдықтар
- Бастауыш мектепте білім беру коллаборациясы
- Қазіргі педагогика мен психологияның даму тенденциялары
- Үздіксіз білім беру жүйесіндегі цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері
Конференцияны алғы сөзімен колледж директоры Мендгазиева Магишат Таскалиевна ашты. «Студенттерді зерттеу жұмысына баулу- қолданбалы ғылымды дамытудың алғышарты» ғылыми тақырыбында баяндамамен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ПҒК, профессор Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы шығып, өз ойымен бөлісті. «Болашак» бағдарламасының және Nottingham (Англия) университетінің түлегі, «филология ғылымдарының кандидаты, доцент – Еділбай Оспан оқытушылармен, студенттермен ғылыми дискуссия жүргізді. Колледждің арнайы пәндер оқытушысы, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің PhD докторанты – Садибекова Саулеш Санибековна «Студенттердің оқу-зерттеушілік әрекетінде коллаборативті орта құру» атты ғылыми баяндама жасады.
Ғылыми практиалық конференцияның төрт бағытына сәйкес секция отырыстарында Ресейден, Қырғызстаннан, Республикамыздың аймақтарынан жас зерттеушілер онлайн және офлайн форматта ғылыми зерттеу жұмыстарын қорғап, ашық диалогқа қатысты.
Конференцияның қорытындысында әр бағыт бойынша үздік жұмыстар марапатталды. Әр бағыттың сараптама комиссиясының мүшелері конференцияның жоғары деңгейде өткеніне баға беріп, өз ұсыныстарымен қорытындылады.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясынан көріністер
1 -бағыт бойынша жұмыс 2- бағыт бойынша жұмыс
3- бағыт бойынша жұмыс 4 -бағыт бойынша жұмыс
Іс-шараны ұйымдастырушылармен эксперт, қонақтар