№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжінде
2022 жылдың 15 қарашасында «Жұмыс берушілер күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Маман даярлаудың сапасын арттыру үшін жұмыс берушілермен тиімді әріптестік орнату болды.
Іс – шараның бағдарламасы бойынша қонақтар колледждің материалдық техникалық базасына экскурсия жасап, оқу -әдістемелік, оқу –өндірістік жұмыстар нәтижесінің көрмесімен танысты.
«КОЛЛЕДЖ –ТӘЖІРИБЕ – СТЕЙКХОЛДЕР» диалог алаңында
колледждің академиялық еркіндігі аясында әзірленген модульдік жұмыс оқу бағдарламаларының сараптама нәтижесі және Дуальды оқыту бойынша жұмыс беруші кәсіпорын мамандары мен колледж оқытушыларының тәлімгерлік жұмыстары,ұйымдастырылу жағдайы, проблемалары және шешу жолдары қарастырылды.
«Жұмыс берушінің бітіруші түлекті жұмысқа қабылдау жүргізуі» бойынша іскерлік ойын жүргізілді. Қорытынды бөлімінде атқарылған жұмыстар бойынша пікір алмасты,жұмыс берушілерді марапаттау жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрі
Қ.А. Аймағамбетовтің Алғыс хатымен №76 жалпы білім беретін мектеп директоры С.Б. Мусагулова, №90 бөбекжай-балабақша меңгерушісі Г.Ж. Жайлаубаева марапатталса, Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Л.А. Жылқыбаеваның Алғыс хатына №142 жалпы білім беретін мектеп директоры Н.С. Немертов,№172 мектеп-гимназия директоры Т.Т. Казыбаев және тағы басқа әлеуметтік – серіктестердің басшылары колледж директоры М.Т. Мендгазиеваның Алғыс хатымен марапатталды.