Білім ордасында 28 наурыз бен 1 сәуір аралығында «English is a way to success» тақырыбында «Шетел тілідері және оқыту әдістемелері» пәндік циклдік комиссиясының декадасы өтті.
Декада мақсаты – Білім алушыларды ағылшын тілін үйренуге қызықтыру, шетел тіліне қарым-қатынас жасауға және еркін сөйлеуге машықтандыру.
«Шетел тілідері және оқыту әдістемелері» пәндік циклдік комиссиясының оқытушыларының ұйымдастыруымен «What do we know about Britain?» тақырыбында көрініс, «Wheel of Fortune» тақырыбында интелектуалды шоу, «Digital Applications» атты семинары, АТУ, Абай атындағы ҚазНПУ студенттері және колледж білім алушыларымен «Elevator to Creativity» атты дебат, «Live and Learn» тақырыпта сайыс, «Real life quest lesson» атты квест ойыны өтті. Әр түрлі форматта өтілген іс-шаралар академиялық-танымдық, тәрбиелік мазмұндылығымен ерекшеленді. Білім алушылар белсене қатысып, білім, біліктерін көрсетті және әдістемелік қоржындарын толықтырды.
From March 28 to April 1, the subject cycle commission “Foreign languages and teaching methods” of Almaty Kazakh State humanitarian – pedagogical college No. 1, hosted a decade on the topic “English is a way to success”.
The purpose of the decade is to interest students in learning English, teach them to communicate and speak a foreign language fluently.
Organized by teachers of the subject cycle commission “Foreign languages and teaching methods” performance on the topic “What do we know about Britain?”, intellectual show “Wheel of Fortune”, seminar “Digital Applications”, debate “Elevator to Creativity” with students of ATU, Abai KazNPU and our college students, a competition on the theme “Live and Learn” and a quest game “Real life quest lesson”.
28 наурызда Алимпияева З. С. және Өмірбаева А. Б. ұйымдастыруында декаданың ашылуы өтті. Жампеисова А. Қ. және Тугелбаева А. А. ұйымдастыруымен «What do we know about Britain?» тақырыбында көрініс өтті.
On March 28, the opening of the decade was held, organized by Alimpiyeva Z. S. and Omirbayeva A. B. The event was organized by zhampeisova A. K. and Tugelbayeva A. A. on the theme “What do we know about Britain?”.
29 наурыз күні Ахметова И. Т. және Қали М. М. «Wheel of Fortune» тақырыбында білім алушылармен интелектуалды шоу, Әнуархан М. және Дәурен Ү. «Digital Applications» атты семинарына білім алушылар қатысты. Семинар мақсаты: ізденушілік, зерттеушілік жұмыстар негізінде колледж студенттерінің ағылшын тілі білімдерін дамыту, ағылшын тілін үйрететін қосымшаларды қолдануға бағыт-бағдар беру, жаңа түсініктер қалыптастыру.
On March 29, Akhmetova I. T. and Kali M. M. held an intellectual show with students on the topic “Wheel of Fortune”, Anuarkhan M. and Dauren U. held a seminar “Digital Applications”. The purpose of the seminar: to develop students’ knowledge of the English language on the basis of search and research works, to provide guidance on the use of applications for teaching English, to form new ideas.
30 наурызда Алимбекова Н. Н., Дөненбай С. Ж., Мысекеева А. Б. және Бисариева С. Ж. ұйымдастыруымен «Elevator to Creativity» атты дебат өтті. Дебатқа қатысушылар, АТУ, Абай атындағы ҚазНПУ студенттері және колледж білім алушылары.
Дебаттың Мақсаты:
– белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
– қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
– өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
– еліміздегі жастар мәселесіне назар аударту.
On March 30, the debate “Elevator to Creativity” was held, organized by Alimbekova N. N., Donenbay S. Zh., Misekeeva A. B. and Bisarieva S. Sh. The participants of the debate were students of ATU, Abai KazNPU and students of our college.
The purpose of this debate
– to lead to the study of certain facts, to predict, to speak systematically, to prove the point of view openly and systematically, and to correctly present course;
– help people of opposite opinion to consider and reflect on their problems;
– practice expressing point of view;
– draw attention to the problems of youth in the country.
31 наурыз күні Султанова М. А. және Амантаева Ү. Б. 1 курс студенттерімен «Live and Learn» тақырыпта сайыс өткізді. Сайыста білім алушылар ағылшын тілі білімдерін жоғары дәрежеде көрсете алды. Сайыс мақсаты: бірінші курстар арасында білім алушылардың 2021-2022 жылғы оқу жылында қаншалықты шетел тілін меңгергенін анықтау.
Бегазова М. Ж., Мұхамеджанова М. Ж. және Байгараева Г. С. «Books key to knowledge» атты интелектуалды ойын өткізді.
On March 31, Sultanova M. A. and Amantaeva U. B. held a competition on the theme “Live and Learn” with 1st year students. In the competition, students were able to demonstrate their knowledge of the English language at a high level. The purpose of the competition: to determine the level of foreign language proficiency of first year students.
Begazova M. Zh., Mukhamedzhanova M. Zh. and Baigaraeva G. S. conducted an intellectual game “Books key to knowledge”.
1 сәуірде Мендгазиева М. Т., Картамысова Ж. Б. және Күнтубай А. А. «Real life quest lesson» атты квест ойынын ұйымдастырды.
Квест сабақтың мақсаты:
– коммуникативті қарым-қатынас және топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
– ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мен студенттердің жалпы ой-өрісін кеңейту;
– қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру;
– студенттердің өздігінен жұмыс жасауға және шешім қабылдауға баулу.
On April 1, Mendigazieva M. T., Kartamysova Zh. B. and Kuntubay A. A. organized a quest game “Real Life quest lesson”.
The aims of the quest lesson are:
– to form skills of communicative communication and work in a team;
– stimulate interest in learning English and broaden the general horizons of students;
– develop a sense of involvement in solving problems;
– to create conditions for revealing the creative potential of the participants;
– create conditions for self-realization of students.
Іс шараға білім алушылар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсете білді. Декаданың жабылуы салтанатында іс шараларға қорытынды жасалып, белсенді білім алушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Students took an active part in the event and showed their skills. The organizer of the closing of the decade was Turganova G. A., teachers summed up the results of the events, and active students were awarded with various types of gifts and certificates.