Колледжіміз білім мен ғылымдағы бастамаларды табысты ендіруге ықпал ететін, беделді және білікті маман дайындайтын кәсіптік педагогикалық білім беру ортасы ретінде алға қарай дамуда. Алдымызда бәсекеге қабілетті, рухы биік, кәсіби құзіретті, әлемдік білім кеңістігінде еркін қозғала алатын мамандар даярлау міндеті тұр.
Табысты оқу орындарының қатарында болу үшін батыл қадамдар, оңтайлы шешімдер қабылдау қажеттілігі туындады. Осы мәселелерді шешуде жоғарғы оқу орындарымен, әлеуметтік серіктестермен, республикалық және қаламыздағы педагогикалық колледждердің инновациялық әдіс-тәсілдерді апробациялауда кәсіби қызметінде айтарлықтай жетістікке жеткен педагог қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы тәулсіздігінің 30 жылдығына арналған Алматы қаласы Білім басқармасының ТКББ бөлімінің ҚБЖТҒӘ орталығының қолдауымен «Инновациялық педагогикалық технологияны енгізу негізінде бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру және дамыту» тақырыбында педагогикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Ғылыми жинаққа республика бойынша барлығы 135 мақала жарық көрді. Пленарлық отырысқа 11 қатысушының баяндамасы тыңдалды.Секция отырысында 25 баяндама қорғалды.
Конференцияға қатысқандар: ЖОО орындарының профессор қауымы, жас ғалымдар, ТжКББ жүйесінің арнаулы орта мекеме басшылары мен оқытушылары,мектеп директорлары, мұғалімдер, бөбекжай балабақша меңгерушілері мен тәрбиеші педагогтар және психологтар. Конференция екі тілде жүргізілді.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ
- заманауи сапалы білім беруде нәтижеге жетуге бағытталған инновациялық педагогикалық тәжірибелерді тарату;
- бәсекеге қабілетті педагогикалық мамандар даярлау мәселесінің теориялық, әдістемелік, практикалық аспектілерін талқылау;
- әлеуметтік әріптестікті дамыту және ЖОО мен ТКББ жүйесінің, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің педагог кадрларының кәсіби қарым –қатынас жасауына жағдай туғызу.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
1.Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мақсатқа жетуге жақындататын тұрақты даму мүддесіндегі факторларды дамыту білім берудің дидактикасы мәселелері.
2.Ақпараттық-инновациялық ресурстарды білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында қолдану.
3.Жаңартылған оқу бағдарламаларының басымдықтары.
4.Сапалы педагогикалық білім беруді басқару жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары.
5.«Мектеп-колледж-ЖОО» жүйесінде ннновациялық білім беру мен әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру мен дамытудың сабақтастығына аналитикалық шолу
6.Психологиялық жұмыс – оқу орындарындағы жалпы білім беру мен педагогикалық процеске ортақ бөлік.
Конференцияны колледж директоры-Меңдгазиева Магишат Таскалиевнаға ашты.
Алматы қаласы Білім басқармасы ТжКББ бөлімінің Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының (ҚБЖТҒӘО) басшысы – Сулейменова Гулнар Жалеловна конференцияның ашылуымен құттықтап сәтті өтуіне тілегін білдірді.
Конференция бағдарламасының мазмұны екі бөлімнен тұрады. Бірінші пленарлық мәжіліс, екінші секциялық отырыс өтті. Пленарлық мәжілісте 11 баяндама тыңдалымға шықты. Баяндамашылар дәстүрлі және офлайн форматта жұмыстарын қорғады.
Бапаева Мариям Құрмангазиевна. пс.ғ.к., профессор м.а. ҚҰҚПУ«Өмірлік дағдарыс жағдайлары және тұлғаның кәсіби қалыптасуындағы дағдарыстар» тақырыбында баяндамасын қорғады.
Кошербаева Айгерим Нуралиевна. пед.ғ.докторы, профессор. Педагогика, психология кафедра меңгерушісі. Абай атындағы ҚҰПУ«Актуальные вопросы подготовки педагогов -психолов (в рамках консорциума с педагогическим колледжем)»
Ақажанова Алма Таурбековнапс.ғ.д. профессор, қазақ психологиялық қоғамның белгілі мүшесі, МАП Академигі. Абай атындағы ҚҰПУ«Девиантты мінез-құлық – педагогикалық-психологиялық мәселелердің бірі» тақырыбында баяндама оқып, девантты мінез-құлықты балалармен жұмысты жасау түрлерін, олардың психологиялық ерекшеліктері туралы баяндалды.
Мектепке дейінгі мекеме ұйымдарымен сабақтастық аясында конференцияда мамандардың практикалық тәжіриесін өткізетін базада бөбек-жәйбалабақша меңгерушілеріде өзекті мәселелер көтеріп баяндама тыңдалды және ұсыныстарын қалдырды.
Дильмагамбетова Гулзия Абдрахмановна. Алматы қаласы, Бостандық ауданы, МКҚК №152 Бөбекжай-балабақша басшысы, колледжбен балабақша сабақтастығы туралы сөз қозғап, маман даярлаудаға негізгі мәселелерді қозғады
Наурызбаева Айым Махмутовна.Алматы қаласы, Бостандық ауданы, МКҚК №69 Бөбекжай-балабақша меңгерушісі.«Тәрбиеші педагогтің кәсіби құзіреттілігі-білім сапасын көтерудің факторы» тақырыбында баяндама оқыды.
Кокимбекова Гүлім Дәулетқызы. Алматы сән және дизайн колледжі. Арнайы пән оқытушысы.«Инновациялық технологиялық технологияны енгізу негізінде бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру және дамыту»тақырыбында баяндама жұмысын қорғап. өз тәжірибесімен бөлісті.
Конференцияға қатысушы қонақтарды марапаттау сәті
1-СЕКЦИЯ «ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА МАҚСАТҚА ЖЕТУГЕ ЖАҚЫНДАТАТЫН ТҰРАҚТЫ ДАМУ МҮДДЕСІНДЕГІ ФАКТОРЛАРДЫ ДАМЫТУ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДИДАКТИКАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
3-СЕКЦИЯ «ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС-ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСКЕ ОРТАҚ БӨЛІК»
4-СЕКЦИЯ«АҚПАРАТТЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЛДАНУ»
5-СЕКЦИЯ«ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ»
6-СЕКЦИЯ «САПАЛЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ»
КОНФЕРЕНЦИЯНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Ахмет Байтұрсыновтың, «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста секілді,не істесе де келістіріп істейді» сөзімен қорытындылай отырып, нәтижеге бағытталған әрекеттерге бастама жасап, өз мамандығының кәсіби шебері болуға ұмтылған шебер педагогтар- білім мен ғылымдағы бастамаларды табысты ендіруге ықпал ететін ұстаздар.Оқытушының өз тәжірибесін, жаңалықтарын, білгенін, жетістіктерін бөлісе отырып, тәжірибе алмасу жұмыстарының берері мол.Конференцияға белсене атсалысқан әріптестерімізге алғыс білдіреміз.