№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінде кәсіптік практиканың жылдық жоспары негізінде “Шетел тілдері және оқыту әдістемелері” ПЦК-ның ұйымдастыруымен бітіруші топтар арасында «ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ТҮЛЕК-2022» брейн-ринг Smart маман атты іс-шара өткізілді.
Мақсаты студенттердің теориялық алған білімдерін кәсіптік практикада қолдана білуге, бәсекеге қабілетті кәсіби маман дайындау болды.
Іс -шара үш кезеңнен құрылған:
1 кезеңде БЛИЦ СҰРАҚТАР студент – практиканттардың бір сәтте өте қысқа уақытта блиц сұрақтарға шапшаңдықпен, әрі белсенділікпен өздерінің ұшқырлықтарын байқатты. МЕДИА САУАТТЫЛЫҚ – сабақ барысында АКТ құралдарының мүмкіндіктерін, тест тапсырмаларды және түрлі тәсілдерді қолдану шеберліктері 2 кезеңде ұсынылды.
3 кезеңде КОУЧИНГ (ҚМЖ) қысқа мерзім жоспар құруда педагогикалық практика барысында жинақтаған іс – тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби шеберліктерін, жеке дағдыларын жетілдіре түсті.
Аталмыш іс-шарада бітіруші түлектер өзінің ұшқырлығын, үздік кәсіби білімдерін ортаға салып арнайы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.