№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі» күні. «Ынтымақ,бірлік, келісім-басты байлық ел үшін» тәрбие сағаттары.

Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды.Осы мерекеге орай  оқу орнында тәрбие жоспарының негізінде 1курстар бойынша  11ш,12ш,13ш топтарында «Ынтымақ,бірлік, келісім-басты байлық ел үшін» тақырыбында топ жетекшілері  Өмірбаева А.Б,Сұлтанова М.А-12ш,Қали М.М ұйымдастыруымен  ZOOM форматында  ашық тәрбие сағаттары өтті.Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту,өскелең ұрпақты патриотизм рухында, жоғары мәдени-адамгершілік құндылықтарға, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге және қоғамда бірлік пен келісімді сақтауға және басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға тәрбиелеу болды. Шара барысында  Тәуелсіз Қазақстанның  бірлік пен келісімнің арқасында әлемге танылып, биік беделге ие болып  жеткен  зор жетістіктері туралы бейнероликтер көрсетілді.Бұл күннің  барша Қазақстандықтар үшін үшін татулықтың, патриотизмнің символы болып саналатыны туралы айтылды,«Ынтымақ галереясы»ұйымдастырылды.
Колледжде  білім алатын  ұйғыр, татар, өзбек  т.б ұлт өкілдері  өз тілдерінде бірлік мерекесімен құттықтап, өз өнерлерін ортаға салып, салт дәстүрлерімен таныстырды.
Мерекелік іс шара соңында директордың оқу тәрбие ісі жөнінен орынбасары Айгул Аталыққызы бұл мерекенің маңызына тоқталып, колледжде білім алатын  студент жастарға достықты сақтап,бір-біріне құрметпен қарауға, Қазақстанның өркендеуіне өз үлестерін қосуға шақырды. Ұйымдастырушы жетекшілерге  колледж әкімшілігі атынан алғыс білдірді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.