2021 жылдың 21 сәуір күні №1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің білім алушыларына ZOOМ платформасы арқылы “Жастар арасында есірткімен байланысты қылмыстардың алдын алу: құқықтық сауаттылық және есірткі қылмысы үшін жауапкершілік мәселелері” тақырыбында жедел уәкіл Алматы қаласы бойынша ЕҚҚІҚБ ПД полиция майоры Шманов Олжас Қайырбайұлы онлайн конференция өткізді. Жастар арасында ұйымдастырылған шараның басты мақсаты — нашақорлықтың, есірткі қылмысының алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру,студенттер арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Іс шара барысында бейнефильмдер және деректі ақпараттар көрсетілді. Психоактивті заттарды тұтынудың денсаулыққа тигізетін орасан зияны туралы, есірткі пайдаланудың алдын алу және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес – республикада мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Шара соңында жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, көптеген пайдалы істермен шұғылдануға, нашақорлық, алкоголизм және темекі шегу сияқты зиянды әдеттерден сақтануға шақырды. Аталған іс-шараға 250 білім алушы және колледж әкімшілігі қатысып, маңызды ақпараттармен таныстырғаны үшін алғыстарын білдірді.
№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ
Menu
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Пәндік-циклдік комиссиялар