№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

18.02.-28.02.2019 жылы «Заманауи ғасыр білімі» атты педагогика және психология пәндік цикл комиссиясының декадасы

007

Мақсаты:
Жаңа білім алу парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) қажеттілігін ұстану.
ПжП ПЦК оқытушылар құрамы- 20 педагогты құрайды. ПЦК оқытушыларының әдістемелік тақырыбы «Кәсіби әдістемелік құзыреттіліктің функциясын жетілдіруде жаңа инновациялық технологиялардың жетістіктерін қолдану» аясындағы декадада:
ашық сабақ, студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы, жас педагогтардың конкурсы, оқытушылар мен студенттерге психологиялық кеңес беру, мамандықтарға негізделген педагогикалық фестиваль және интеллектуалды танымдық марафондар мен психологиялық дуэль сайыстар ұйымдастырылды.
Колледж әкімшілігі мүшелері ПЦК оқытушыларының ұйымдастырған іс-шараларға қатысып, педагогикалық сараптама жүргізді.
Декадада ПЦК оқытушылары педагогикалық-психологиялық, ғылыми, интеллектуалдық және танымдық үдерістер арқылы ғасыр білімінің колледжде қалай дамып жатқандығын көрсетті. ПЦК оқытушыларына, іс-шараға қатысқан оқытушыларға және студенттерге әкімшілік тарапынан «Алғыс хаттармен», колледж директорының грамоталарымен марапатталды.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.