№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ

Білім ордасында жас түлектерге мамандық таңдау туралы шешім қабылдауға және кәсіптік бағдар беру мақсатында Алматы қаласы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен 05.04.2022 ж күні «Ашық есік» іс-шарасы өтілді. Іс -шараға жиналған жас түлектер колледждің ғимараттарымен, материалдық-техникалық базасымен, жатақханамен танысып, аралады. АКТ залына жиналып салтанатты іс-шараға қатысты. Салтанатты іс-шараны колледж директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Байтекеева А.А. алғы сөзбен ашты. Салтанатты іс-шара барысында колледж тарихымен, елеулі жетістіктерімен, колледжде дайындалатын мамандықтар әлемімен  танысты. Болашақ түлектер қызықты викторинаға қатысып, өз пікірлерін білдірді. Білімді де, өнерлі студенттеріміздің өнерлерін тамашалады. Жарнамалар таратылып, 2022-2023 оқу жылына қабылдаудың ерешеліктері туралы мағлұматтар алды.

Жас түлектерге мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауларына тілекшіміз.

 

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.