№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

“Наурыз – көктемнің көрікті мерекесі”

«Тарихитамырытереңдежатқан Наурыз–жаңару мен жаңғырудың бастауы. Бұл күнелдік пен ынтымақтың, бірлік пен берекенің бастауы.

Халқымыз әз-Наурызды қашанда жақсылық пен жаңашылдықтың жаршысы ретінде үлкен үмітпен қарсы алады.
Оқу орнымызда  наурыз мерекесіне орай «Нұр себеле,ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Колледж  директоры М.Т.Мендгазиева ұстаздар мен білім алушыларды  наурыз мерекесімен құттықтады. Өз кезегінде ата-аналар да ізгі тілектерін жеткізді. Мерекелік шара студенттер дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.Сахналық қойылымда Жер-Ана көпшілікке тілегін арнап, Қыдырата батасын берді. Ұлттық нақышта киінген студенттеріміз мың бұрала би билеп,шырқата ән салды. Колледж ұстаздары мен студенттері  киген ұлттық киімдер мерекенің сәнін аша түсті. Шара соңындаұлттық тағамдар мен дәстүрлі наурыз көже таратылды. Барлығы да шат-шадыман, мерекелік көңіл-күймен ауылдың алты ауызын шырқап, көңілдері бір серпіліп қалды. Шараға колледж оқытушыларымен студенттер және ата-аналар қатысты. «Мемлекет болашағының  кілті –қазіргі жаңа технологияларды жете меңгерген, сонымен қатар түп-тамырынан ажырамаған, салты мен дәстүрін, тарихын білетін білімді де білікті азаматтардың қолында. Ұлыстың ұлы күні – нағыз салт-дәстүрімізді дәріптейтін, ұлттық нақышымызды насихаттайтын өрелі де, өнегесі мол мейрам.Наурыз мейрамы осылайша тағылым мен тәрбиенің қарашаңырағында сән-салтанатымен және ерекше тартымдылығымен көпшілікті тәнті етті.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.