№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«Алматыкітап» баспасының TopIQ.kz электрондық оқулықтар платформасының ашылу салтанаты

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық–педагогтік колледжінің әкімшілігі  мен оқытушылары  Алматы қаласы М.Әуезов атындағы драма театрында «Алматыкітап» баспасының ұйымдастыруымен TopIQ.kz электрондық оқулықтар платформасының презентациясының ашылу салтанатына қатысты.«Алматыкітап баспасы» директорлар кеңесінің төрайымы Э.Н. Баталова білім беру барысында Қазақстандық оқушылар мен ұстаздар TopIQ электрондық оқулықтарды тиімді пайдалана алатынын атап өтті. Презентация барысында оқулық авторлары Ә.Д.Рысқұлбекова, Е. Каратабанов т.б. Қазақстанның әр облысынан келген мектеп мұғалімдері   голографиялық таныстырылымда заманауи цифрлы оқулықтардың  мүмкіндіктерін көрсетті. Мұғалім мен  оқушы TopIQ электрондық оқулықтарды қашықтықтан және дәстүрлі форматта қолдана алатындығын, сонымен қатар мұғалім өз уақыты мен күшін үнемдеуге септігін тигізе алатынын сөз етті. Алғашқы Отандық интернет ресурстарының оқушылар мен ұстаздар үшін берер пайдасы зор, тағылымы терең болары сөзсіз.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.