№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Алғыс айту күні – шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі

Алғыс айту күні – бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке. Бұл кең құшақ құрмет – еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне, халқымыз үшін айтулы ізгі дәстүрге айналды.Оқу орнында  1 курстар арасында  осы мерекеге орай «Алғыс айту – парызым!» тақырыбында  түрлі тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Мақсаты  білім алушыларға  «1наурыз- Алғыс айту күні» мерекесінің мәні және ризашылық пен алғыс,сыйластық құндылығы туралы  түсіндіру болды. Тәрбие сағаттарының барысында  адамның жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі туралы түрлі бейне роликтер көрсетілді. Білім алушылар ұстаздарына, бір-біріне, ата-аналарына деген ыстық ықыластары мен  шексіз ризашылықтарын  білдірді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.