№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу

Оқу орнында Ел егемендігінің 30 жылдығына және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай  сол кезеңдегі елге деген патриоттық рухы биік болған жастарды бүгінгі өскелең ұрпаққа таныстыру, насихаттау бағытында оқиға куәгерлерімен кездесу  ұйымдастырылды.Кездесу кешіне Қайыргелді Күзембаев, «Қайсар Жүрек» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ергебаева Шара Бөлегенқызы, оқу орнымызда көп жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан ардагер ұстаз Мұхамеджанова Ұлман Жұмағазықызы шақырылды. Кеш қонақтары Тәуелсіздіктің бастауына айналған оқиғаның маңызы туралы  және ел тәуелсіздігін алуға деген бетбұрыстың жасалуына тигізген ықпалы жайында әңгімелеп, студенттерге тәрбиелік маңызы зор  естеліктерімен бөлісті. Кездесу барысында топ жетекшісі Алма Әуелбековнаның ұйымдастыруымен    белсенді студенттер дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. «Тәуелсіздік шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Колледж директоры М.Т.Мендгазиева кеш қонақтарына  ризашылығын білдіріп, тарихи және тәрбиелік маңызы зор  естеліктерімен  бөліскендері үшін алғыс айтты.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.