№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы

          Оқу орнында білім алушы жастарды   АИТВ және ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, ғасыр дертіне айналып отырған осы кеселдің залалын түсіндіріп, зиянды әдеттен аулақ болуға шақыру және  салауатты өмір салтына насихаттап, АИТВ және ЖИТС туралы толық  ақпарат беру мақсатында «АИТВ алдын-алу жолдары және күресу шаралары» тақырыбы  аясында колледжімізде бірқатар іс-шаралар жүргізілді.
        Оқу  орнында  оқу- тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес  
Алматы қалалық  ЖИТС-пен күресу орталығының эпидемиолог дәрігері Үсенқұл Мадина Мешірқызының қатысуымен  білім алушыларға  зиянды әдеттер және оны алдын-алу туралы   түсіндіру жұмыстары   ұйымдастырылды. Кездесу барысында  АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары мен оның  алдын-алу  жөнінде ақпараттар берілді. Шара барысында білім алушыларға   ақпараттық  білім  беру  материалдары -слайд, бейнефильмдер  көрсетілді.   Қатысушылар  тарапынан  дәрігер маманға   сауалдарын   қойып,  жауап  алынды.
 Қорыта айтқанда, әр адам аурудың алдын алу үшін ауырмай тұрып, ауырмайтын жол іздеу керек. Салауатты өмір салтын ұстану, жеке бастың тазалығын сақтау арқылы айналасындағыларға дерттің алдын алуға мүмкіндік жасайды.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.