№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«Аралас форматта білім беру үрдісіндегі колледж бен ата-аналардың байланысы»

 Ата –аналар жиналысы –бұл ата-аналар мен оқу орнының  өзара әрекеттестігінің бір формасы.Қазан айының алғашқы аптасында «Аралас форматта білім беру үрдісіндегі колледж бен ата-аналардың байланысы» тақырыбында 1-курс студенттерінің ата-аналарымен онлайн режимде  «ZOOM» платформасында  жиналыс өткізілді.

Ата-аналар жиналысының мақсаты – 1-курс студенттерінің ата-аналарымен тәрбие жұмысын ұйымдастыруда  колледж – ата-ана – студент арасындағы байланысты нығайту, колледждің ішкі тәртіптерімен таныстыру.

Жиналыс барысында колледж директоры М.Т. Мендгазиева кіріспе ретінде колледждің ішкі тәртібімен таныстырды, қазіргі кезде білім берудегі карантиндік талаптарды сақтау, сапалы білім беру мәселелерін сөз етті. Директордың оқу ісі жөнінен орынбасары А.Б.Алимжанова оқу үрдісінің ерекешеліктері, оқулық, студенттердің білім алуына дұрыс жағдай жасау, студенттердің сабаққа қатысымы, әлеуметтік желілерді қолдануда ата-аналардың қадағалауда ұстау мәселелерін қозғады, ата-аналарға әр студенттің сапалы білім алуына ата-ана мен колледждің рөлінің маңызды екенін айтып, екіжақты тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізуге шақырды. Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөнінен орынбасары А.А.Байтекеева студенттердің сабақтан себепсіз қалмау, тазалық, тәртіп мәселелері, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің құқық бұзушылықтың алдын-алу, үнемі ата-ана, кураторлардың бақылауда ұстап отыруы қажет екенін айтты.

Жиналыс соңында ата-аналар студенттердің сапалы білім беруде, тәрбие мәселесінде сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп,әкімшілік мүшелері тарапына алғыс білдірді.


№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.