№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«Ұстаз мәңгі нұрдың қызметшісі»

Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, болашақ қоғамды да қалыптастырады.
Оқу орнында  ұстаздар күніне арналған «Ұстаз мәңгі нұрдың қызметшісі» тақырыбында  салтанатты іс-шара өтті.Ұстаздар күніне арналған іс-шарада колледж директоры М.Т.Мендгазиева сөз сөйлеп  ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестерін, үлкен жауапкершілікті және құрметке лайықты еңбектерін атап өтті.
Еңбек жолдарын ұстаздық қызметте жаңадан бастап отырған жас мамандарға сәттілік мен шығармашылық табыстар тіледі. Білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды құрмет  грамоталармен, алғыс хаттармен марапаттады.
Салтанатты шараның соңында   колледждің  өнерпаз студенттерінің  ұстаздарына тарту ретінде əзірленген концерттік бағдарламасын  онлайн форматында тамашалады.

 «Адамның адамшылығы-жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі  жастардың болашақ азығы.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.