№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

04 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»

Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі, барша қазақстандықтың рухын асқақтатып, ұлттық бітім-болмысын айшықтайды.
04 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай оқу орнында бірнеше оқу топтарында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»тақырыбында топ кураторлары Әлихан Ә.К,Байғараева Г.С, Избаева Н.Ж, Мекен А.М, М.Бекенқызы , Д.Тұрсынғожинның ұйымдастыруымен тәрбие сағаттары болып өтті.
Мақсаты: Білім алушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу болды .
Тәрбие сағаттарының барысында Мемлекеттік рәміздердің халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер екендігі туралы түсіндіріліп, арнайы бейнероликтер көрсетілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, оның құрылу тарихы, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделеу, авторларымен таныстыру үшін «Елтаңба – елдігім, Көкбайрақ – байлығым, Әнұран – айбыным» деген тақырыпта баяндамалар тыңдалды. Колледждің шығармашыл студенттері Мемлекеттік рәміздерге арнап асқақ рухпен, шалқар шабытпен өз шығармашылықтарынан өлең,жырларын оқыды.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.