№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Ақтаңдақ жылдар ақиқаты

31 мамыр – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген  Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құр­бандарын еске алу күні. Қазақ зиялылары «Халық жаулары» атанып,қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырап, өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Олардың арасында ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды.
Оқу орнында  31мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Ақтаңдақ  жылдар ақиқаты» тақырыбында 1 курстар  бойынша  ZOOM  форматында  бірыңғай тәрбие сағаттары  ұйымдастырылды. Мақсаты: Білім алушыларға саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағылым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мәлімет беріп, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.        
Тарих пәнінің оқытушысы  Ж.Ж.Дәуренханова 11б және 21 д топ студенттерімен өткізген тәрбие сағатының   барысында  жазықсыз жандарды өлімге байлаған сол зұлматты жылдардың ауыртпалығымен, ұлтымызға жасалған үлкен соққымен, тарихымыздың ақтаңдақтарымен және де тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалардың еңбектерімен  таныстырды. 1937-38 жылдары қазақ халқының тəуелсіздігі үшін басын қатерге байлаған: Ə.Бөкейханов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев сияқты ұлтымыздың  зиялы азаматтарының 25 мыңнан астамы «Халық жауы» есебінде атылып кеткенін, 100 мыңнан астам алаш арыстарының  «Карлаг», «Алжир» сияқты тұтқындар лагерінде 10-20 жылдап жазықсыз жапа шеккені туралы  түсіндірді, видеороликтер көрсетілді. 2 курс 21 д тобының белсенді студенттері Нұрғазы Ғалымжан, Ыбырайымбай  Бекзат, Камал Азамат  «Алаш арыстарының» ролін сомдап, видеоролик көрсетті. Шара соңында оқытушы  қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған  алаш ардақтыларының  есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақтың  парызы екенін және  қасіретті күндерді ұмытпауға тиісті екендіктерін  айтты.
Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың есімі тарих беттерінен ешқашан өшпек емес!

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.