№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«Современное образование» журналы «2021ж колледжге қалай түсуге болады?» атты республикалық онлайн-семинар ұйымдастырды. Семинарға республиканың 16 колледжі қатысты.

14.05.2021ж «Современное образование» журналы «2021ж колледжге қалай түсуге болады?» атты республикалық  онлайн-семинар ұйымдастырды. Семинарға республиканың 16 колледжі қатысты. ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаменті басқармасының қызметкері Биекова Бахытжан Умітбековна 2021  жылы колледждерге қабылдауды ұйымдастырудың мәселелерін  түсіндіріп берді.

Семинарға колледж оқытушылары Күнтубай А.А және Онгарова Б.К. қатысты. Мақсаты: колледжді жарнамалау, түлектерге болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру.

Спикер Күнтубай Арайлым Абзалқызы колледж тарихымен, материалдық-техникалық базасымен, колледжде дайындалатын мамандықтармен таныстырып, ақпарат берді. Жас түлектерді біздің колледждің ашық есік күніне шақырды. Екінші спикер Онгарова Баян Кенесовна сұрақ-жауап бөлімінде түлектерден түскен сауалдарға жауап беріп отырды.

Семинар біздің колледжді таңдап, сілтемені басып, ашық есік күніне кірген түлектермен жалғасты. Түлекткерді 4 курс студенті Тұрыстыева Айкен қарсы алып, колледжге виртуалды саяхат жасауға шақырды. Бейнежазба арқылы екі оқу ғимаратындағы оқу кабинеттері, холл, кітапхана, асхана, медициналық кабинет, спорт залдары, жаттықтыру залдарын таныстырды. Жас түлектерді жаңа модификациямен  заманауи үлгіде  жабдықталған оқу кабинеттері ерекше қызықтырды.

Жаңа қолдануға берілген 4 қабатты 300 орындық студенттер жатақханасында тұрып, білім алу әрбір жас түлектің арманы болар деп есептеймін.Себебі: жатақхананың коридоры кең, жарық, жылы.  Жатын бөлмелердің   секцияда 2 және 3 кісілік орындары бар бөлмелер, жаңа жиҺаздарымен, сантехникамен, бөлек душ кабиналарымен жабдықталған. Әр қабатта 2 ас әзірлеу бөлмелеріне бірнеше газ плиталары мен тоңазытқыштар қойылған. Әр қабатта 2 оқу залы, кітапхана, компьютерлер, телевизор бар. Вай–фай нүктелері орнатылған, Интернетке қолжетімді. Киім үтіктеу, жеңіл кір жуу үшін тұрмыстық бөлмелері бар. Сонымен бірге  1 қабатта тренажер залы, қосымша демалыс бөлмелері бар.

Саяхаттан кейін колледжде дайындалатын мамандықтар туралы студенттер таныстырылым жасады. Әрбір мамандықтың ерекшелігі, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы әңгімелеп, өздері осы мамандықты таңдаған себептерін, білім ала жүріп жеткен жетістіктерімен бөлісті. Колледж қонақтары семинар соңында сұрақтарын қойып, кері байланыстар жасады. Қойылған сауалдарға колледж директоры Мендгазиевва Мағишат Тасқалиевна жауап берді және жас талапкерлерді колледжге оқуға шақырды.

Тұрыстыева Айкен қатысушыларға алғыс білдіріп,  оқуға қажетті құжаттармен және колледждің мекен жайымен, байланыс телефондарымен таныстырып, хабарлады.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.