№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран»

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 76 жыл өтті.
Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп,Жеңіс жалауы желбіреген күн.
Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, аталарымыз бен әжелеріміздің биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.
Осыған орай оқу орнында 07 мамыр – Отан қорғаушылар күні және
09 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекелеріне арналған іс-шара ZOOM форматында ұйымдастырылды. Мерекелік іс- шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен қазақстандықтардың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.Шара барысында колледж директоры Мендгазиева Магишат Таскалиевна сөз алып, колледж ұжымы мен студенттерді мерекемен құттықтап, соғыс жылдарында аянбай еңбек еткен және өз Отаны үшін өмірін қиған азаматтардың ерліктерін мәңгі есте сақтау қажеттігін айтты.Ұстаздық қызмет атқаратын колледждің барлық ер,азаматтарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.Жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне абырой мен толайым табыс тіледі. Мерекелік шара колледж студенттері 31ш және 32ш топтары, топ жетекшілері Арайлым Абзалқызы, Саяхат Жүнісқызы ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен өз жалғасын тапты.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.