№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Менің сүйікті кітабым

23.04.2021 жылы Zoom платформасында кітапхана меңгерушісі Акбаева Айнур  23-сәуір кітап және авторлық қорғау  күніне орай  оқытушылар және 1,2,3 курс  білім алушылардың қатысуымен   «Менің сүйікті кітабым» атты  кітап конференциясын  ұйымдастырды.

Мақсаты:  Оқырмандардың  кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншіліктерін  қалыптастыру, кітапқұмарлыққа тәрбиелеу. Кітаптың маңызымен , оның алғашқы шығу тарихымен  таныстыра отырып, сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ой – өрістерін дамыту, білімділікке, адамгершілікке, кітапты бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Білім алудың басты құралы –кітап дей келе кітапхана меңгерушісі Акбаева Айнұр оқырмандарға кітаптың шығу тарихы ,қазақ тіліндегі ең алғашқы кітап қай жылы басылып шыққаны туралы мағлұмат бере келе, әйгілі Отырар кітапханасы, Қазақстандағы ең бай  кітапханамен және әлемдегі ең керемет кітапханалармен таныстырды.Конференцияға қатысушылар 31ш білім алушысы Ахкенжиева М., Батнияз А, 431топ білім алушысы, Әкімбай Ж, 21қ топ білім алушысы Жүсіпбаев Бахытжан, 21р топ білім алушылары Исмаилова Н, Атмуха А. Койгелдиева Н.11р топ білім алушылары Әріпханова Қ. Әбдіраман Е. Уразова А. Марат А оқыған сүйікті кітаптары туралы ойларын ортаға салды..

Мол мұраға қанық болар,өмір жолында мәңгі азық болар «сүйікті» кітаптарыңыз болсын!

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.