№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

КӘСІПТІК БАҒДАР

06.04.2021ж Алматы қаласы, Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар жұмысы бойынша қашықтықтан кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты оқушыларға мамандық таңдауға бағыт-бағдар бере отырып, колледж тарихы, материалдық-техникалық базасы, оқытушылар құрамы, дайындалатын мамандықтар туралы толық ақпараттар беру, жарнамалау болды.

Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы, арнайы пәндер оқытушысы Камет Еңлік Есілжанқызы Zoom платформасында АКТ мүмкіндіктерін қолдана отырып, аталмыш мәселелерді, сондай-ақ соңғы жылдардағы елеулі тарихи оқиғалармен және оқытушылар мен студенттердің  жетістіктерімен таныстырып өтті. Колледжде дайындалатын мамандықтарға жеке тоқталып, олардың болашақтағы мүмкіндіктерін атап өтті. Колледждің сайтымен, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларымен таныстырды. Кездесу соңында оқушыларға ойын-викторина ұйымдастырылды. Оқушылардың қойған сауалдарына жауап берілді.

Нәтижесінде, оқушылар колледж жайлы және жалпы мамандықтар туралы толық мәліметтер алғанын өздерінің кері байланыстарында білдірді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.