№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2021» КОЛЛЕДЖІШІЛІК БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

Мақсаты: педагогтардың білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктерін, білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі мен нәтижелерін айқындау, озық инновациялық тәжірибелерін тарату.Талантты,шығармашыл педагогтардың кәсіби шеберлігін шыңдау және қолдау.

      Байқауға 5 оқытушы – Жамалбек Ж.М., Мағыпар М., Смагулова С.Қ., Турганова Г.А. және Байсбаев Е.А. қатысты.

       Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар бірінші кезеңде педагог портфолиосын таныстырды. Екінші кезеңде «Менің педагогикалық ұстанымым» тақырыбында жазған эссесін оқыды.Үшінші кезеңде «Мен шығармашыл  ұстазбын» тақырыбында түсірген бейнежазбасын ұсынды.

        Колледждің білікті де білімді ұстаздарынан құралған комиссия мүшелері «Үздік педагог – 2021» колледжішілік байқауының критерийлеріне сәйкес 5 баллдық  жүйемен  бағалап, жеңімпаздарды анықтады.

        «Үздік педагог – 2021» колледжшілік байқауында  І дәрежелі дипломымен Байсбаев Е.А., ІІ дәрежелі дипломымен Смагулова С.Қ., ІІІ дәрежелі дипломымен Турганова Г.А. және Мағыпар М., Жамалбек Ж.М. «Креативті педагог» номинациясымен  марапатталды.

        Колледж директоры  М.Т.Мендгазиева оқытушыларға шығармашылық табыс тілей отырып, алғысын білдірді. Кеңсе тауарлары топтамасымен марапатталды.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.