№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«ҚОШ КЕЛДІҢ ӘЗ НАУРЫЗ, ҚАЗАҒЫМНЫҢ ТӨРІНЕ!»АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Наурыз – жыл басы. Жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі.Наурыз – әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын  Сенім мерекесі. Күн мен түннің теңеліп, тіршілік атаулының оянып, айналаны шуаққа бөлейтін бұл кезін қазақ ежелден-ақ асыға күтетін. Ұлыстың ұлы күнінде  оқу орнымызда  «ҚОШ КЕЛДІҢ ӘЗ НАУРЫЗ, ҚАЗАҒЫМНЫҢ ТӨРІНЕ!» атты наурыз мерекесіне арналған іс- шара  ZOOM  форматында ұйымдастырылды. Мерекелік  іс- шараның мақсаты: жас ұрпаққа  халқымыздың салт-дәстүрін  насихаттау және шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Колледж  ұжымы студенттер ұйымдастырған концерттік бағдарламасын  онлайн форматында  тамашалады. Салтанатты шараның шымылдығы колледж  студенттерінің әсем әні мен күмбірлеген күйлерімен ашылды. Алғашқы кезекте   колледж директоры  Мендгазиева Магишат Таскалиевна  колледж ұжымы мен студенттерді ұлыстың ұлы күнімен құттықтап,  өзінің ізгі ниет , ақ тілегін білдірді.Қалалық ,аудандық байқауларға белсене қатысып , жүлделі орын алған студенттерге алғыс айтып, марапаттады.

Наурыз мерекесіне  Қыдыр Ата, Жер Ана,  Наурыз аруы келіп  ақ тілектерін жеткізді. Колледждің            1 курсында оқитын   білім алушылар  Ермуханбетова Томирис, Құсайынов Нұрбол, Бақыт  Жақсылық,  Сыдықов Бекежан, Кадирханова Маржан, Болыс Мадина наурыз мерекесіне ән шашу арнады. «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі  Г.Ж.Рысбаеваның  жетекшілігімен  колледж оркестрі  күмбірлеген күйлерін орындады. Колледжде  білім алатын  әр ұлттың өкілдері де өз дәстүрлерінің ерекшелігін көрсетіп, құттықтау тілектерін жолдады. Мерекелік концертке  ата-аналар да белсене қатысып, ұстаздарға ізгі тілектерін арнады. Шара соңын  директордың  оқу-тәрбие ісінің орынбасары А.А.Байтекеева  қорытындылап, барлық қатысушы топ жетекшілері  мен  студенттерге колледж әкімшілігі атынан алғыс білдірді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.