№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«Әлемді сұлулық пен қуанышқа толтырған жандар» тақырыбында мерекелік іс-шара өтілді.

Колледжде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемді сұлулық пен қуанышқа толтырған жандар» тақырыбында ZOOM форматында салтанатты мерекелік  іс-шара ұйымдастырылды. Колледж директоры М.Т.Мендғазиева құттықтау сөз сөйлеп,білім беру ісіне үлес қосып жүрген ұстаздарға шығармашылық табыс тілеп, көктем мерекесімен құттықтады. Бірнеше оқытушылар маман тәрбиелеудегі саналы білім мен сапалы тәрбие берудегі еңбектері үшін Білім басқармасының, Нұр Отанның, Алматы қаласы «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапатталды.Мерекелік шара колледж студенттерінің жүрекжарды құттықтауы мен әсем әнімен жалғасты, арнайы дайындалған мерекелік бейнеқұттықтаулар көрсетілді. Мерекелік кеш барысында оқытушы ерлер қауымы да жүрек жарды ақ тілектері мен өлең шумақтарын тарту етті.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.