№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Қайырымдылық игі іс

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай – ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру болып табылады.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім. Бүгін білім ордамызда “Алғыс айту “күніне орай бірнеше іс- шаралар ұйымдастырылды. Сондай іс-шаралардың бірі-Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу, әрі осындай өнегелі қадамның ұрпақ тәрбиесіне де тигізетін әсері мол. Колледждің жас ұстаздары мен еріктілер тобы тыл еңбеккерлеріне, Түрксіб ауданында тұратын жалғызбасты қарияларға сый құрмет жасап, бейбіт өмір сыйлаған аға ұрпаққа өз алғыстарын жеткізді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.