№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«АЛМАТЫ КІТАП» БАСПАСЫМЕН ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Кеше, 24.02.2021 жылы  қаладағы екі педагогикалық колледж және «Алматы кітап» баспасы әріптестік туралы меморандумға қол қойды.  Баспадан шыққан мектеп оқулықтарының сарапшылары мен алғашқы оқырмандары мұғалімдер болғандықтан, баспамен тығыз әріптестікте жұмыс жасауымыз қажет. Меморандумға қол қою  мақсаты  студенттерге  оқу қызметімен қатар, болашақ педагог ретінде  оқулықтардың мазмұнынын,  құрылымдық принциптерін, білім беру бағдарламаларымен сәйкестігін және материалды оқытудың әдістері мен талаптарын біліп, меңгерту.   Студенттердің педагогикалық практикаларын баспада өткізу, баспа өнімдерін қолдану бойынша қысқа мерзімді курстарына және   кітап көрмелері мен түрлі акцияларға қатыстыру арқылы болашақ мамандарды кәсіби шыңдау  маңызды.

       Баспа президенті Г.А. Саймасаева екі колледжбен болашақта табысты шығармашылық байланыста болатындығымызға сенім білдірді. Баспаның заманауи өнімдерінің көрмесімен таныстыру барысында жаңа оқу жылында қолданысқа енгізілетін «Әліппе» оқулығының  макетімен, әрбір тақырыптарының цифрланған нұсқаларымен танысып, керемет әсер алдық!. Әдемі безендірілген, материалдарын беруде жаңа тәсілдемелер қолданылған әліппемен білім еліне саяхатқа аттанатын әрбір бүлдіршіннің оқуға шабыттана кірісетіні анық! «Алматы кітап» баспасы ұжымына мемлекеттік деңгейдегі маңызды қызметтерінде шығармашылық табыс тілеп, болашақ педагогтар дайындаудағы әріптестік байланысымызға толағай табыстар тілейміз!

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.