24.02.2021 жылы колледж оқытушыларымен «Академиялық еркіндік» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинар аясында академиялық еркіндіктің мақсаты мен шығу тарихы туралы ақпараттар берілді. Колледждерге академиялық еркіндік бере отырып,мамандар даярлауда икемділікті қамтамасыз ету, оқу орындарының жұмыс берушілермен бірлесе отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгертуге, білім сапасын арттыруға, оқу мерзімін қысқартуға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, «Қаражат студентпен бірге жүреді» принципі бойынша қабылдау тетігін енгізу де қарастырылған. Ол колледждің бәсекеге қабілеттілігін және колледждер арасындағы бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. Семинар соңында оқытушылар ашық алаңда пікір алмасты.
№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ
Menu
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Пәндік-циклдік комиссиялар