№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

23 қазан 2020 жылы өткен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен 1-курс студенттерінің «Саналы ұрпақ» клуб мүшелігіне ресми қабылдануы» тақырыбындағы онлайн кездесу

23 қазан 2020 жылы колледжде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» мақсатында колледж директоры М.Т.Мендгазиеваның басшылығымен «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңесінің басшысы – Қайыржан Ахметбекұлы Токушевпен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру және жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. 

Онлайн кездесуге «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңесінің басшысы – Қ.А.Токушев, колледж директоры М.Т.Мендгазиева, директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары А.А.Байтекеева, колледждегі «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Э.А.Ташиева  және колледж оқытушылары  мен студенттер қатысты.

Колледж директоры М.Т.Мендгазиева өз сөзінде «Саналы ұрпақ» клубының 2018 жылдан бастап колледжде жұмыс істеп келе жатқандығын, барлық студенттер клуб мүшелігінде екендігін, тұрақты түрде жоспарлы іс-шаралар өткізіліп отыратындығына тоқталды. Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары А.А.Байтекеева колледждегі «Саналы ұрпақ» клубының атқарған іс-шаралары туралы есеп берді.

«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында әлеуметтік онлайн конкурс, челендж, тәрбие сағаттары ұйымдастырылғанын атап өтті. Кездесу барысында 31ш тобы жетекшісі Күнтубай А.А. «Жемқорлықсыз қоғам – нұрлы болашақ кепілі» атты тәрбие сағатын өткізді. Сонымен қатар клуб қатарына 1 курс студенттеріне  мүшелікке алынып, ант қабылдады.

 Қ.А.Токушев колледж оқытушылары мен студенттеріне сыбайлас жемқорлық көріністерінен қоғамның әлеуметтік-экономикалық саласын ғана емес, рухани дамуын да тежейтіні туралы, бұл, ең алдымен, еліміздің болашағы – жастарға айрықша әсер ететінін, жастарды мектеп жасынан бастап, жоғарғы оқу орнын бітіргенге дейін адалдыққа тәрбиелеу керектігін, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатердің зардаптары туралы түсіндіре отырып, оқытушылар мен студенттерді қарым-қатынаста адал, қарапайым, әдеп нормаларын сақтауға шақырды. Кездесу соңында директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары А.А.Байтекеева оқу орнында осы бағытта адалдық сағаттары мен түсіндіру жұмыстарын жүргізілетіні, жергілікті әлеуметтік желілерге мақалалар жариялайтынын айтып,  Қ.А.Токушевке ұжым атынан алғыс білдірді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.