№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Қазақстан Республикасының мектеп оқушылары,колледж және жоғары оқу орындарының студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қашықтықтықтан байқау өткізілді.

22.04.2020 жылы  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Sanaly urpaq»  республикалық  Жобалық кеңесінің ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының мектеп оқушылары,колледж және жоғары оқу орындарының студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қашықтықтықтан  байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты-білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың ортасын қалыптастыру.
Конкурс төмендегідей  номинациялардан тұрды:

  • -«Үздік эссе»
  • -«Үздік сурет»
  • -«Үздік бейнеролик»
  • -«Үздік өлең»

Конкурсқа материалдар онлайн түрде қабылданып, қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде  қабылданды. Бұл бастама Қазақстанның барлық аймақтарынан оқу орындарының оқушылары мен студенттері арасында кең қолдау тапты.Байқауға республикамыздың мектеп,колледж және жоғарғы оқу орындарының 200-ге жуық оқушылары қатысты.
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық –педагогтік  колледжінің білім алушылары онлайн байқауда үздіктер қатарынан көрініп, жоғарғы жүлделерге ие болды.Білім алушылардың байқауға қатысудағы басты мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ екендігін,болашақ тек білімді ұрпақтың қолында екендігін ,азаматтардың патриоттық сезімін ояту. Қашықтықтықтан ұйымдастырылған  байқауда   «Өзін-өзі басқару» ұйымының  төрайымы  Қазанқап Гүлзада Тұрғынбайқызы «Үздік эссе» номинациясы бойынша жүлделі бірінші орынға ие болса, дәл осы аталым бойынша Әбілда Мадина, Нұрғазы Мерей жүлделі үшінші орындарға ие болды.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.