№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Вебинар АГУ

2020 жылдың 3 маусым күні сағат 16.00-19.00 аралығында Абай атындағы Қаз ҰПУ –нің  орыс тілі және әдебиеті кафедрасының және Қаскелең гуманитарлық техникалық колледжінің  ұйымдастыруымен «Мектептерде, колледждерде, ЖОО  қашықтықтан оқыту: жүзеге асыру және практика»  тақырыбында Goocle meet платформасында  республикалық-оқу әдістемелік  вебинар ұйымдастырылды.

Вебинарға қатысушылар:

  • Білімді дамытудың Алматы облыстық  оқу-әдістемелік орталығы 
  • Капшағай қаласының білім беру бөлімі
  • Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі
  • №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі
  • Жаркент Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі
  • Талдықорған гуманитарлық- техникалық колледжі
  • Есік гуманитарлық –экономикалық колледжі

Вебинарды  Абай атындағы Қаз ҰПУ –нің  оқу жұмысы бойынша проректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері А.А. Сатмурзаев құттықтау сөзімен ашып, сәттілік тіледі.

       Абай атындағы Қаз ҰПУ –нің  10 оқытушысы вебинардың бағдарламасы бойынша баяндамаларын презентациясымен ұсынды. Вебинар өте мазмұнды, тақырыптары өзекті мәселерді қамтыған, қашықтықтан оқытудың практикалық, әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық мәселелері туралы көптеген мәліметтер алдық. Вебинарда таныстырылған презентациялардың электронды нұсқалары берілді.   Алдағы уақытта әріптестік қарым-қатынастарымызды жалғастырып, тәжірибе бөлісеміз деген ойдамыз.
  

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.