
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық- педагогтік колледжінде педагогтарға арналған «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беруді оқу- тәрбие үрдісінде интеграциялау» тақырыбында қалалық әдістемелік онлайн семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты:
Колледждің оқу- тәрбие үрдісіндегі өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беруді интеграциялау ерекшелігін анықтап,тәжірибе алмасу. Семинар бағдарламасында бірнеше бағыттарда жұмыстар ұйымдастырылды:
Әр бағыттағы ұйымдастырылған жұмыстар мазмұндарының күрделілігі мен ғылымилылығымен ерекшеленген. Семинар барысында колледж оқытушылары Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беруде білім алушыларды құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу жолдарын, рухани адамгершілік тәрбиенің қазіргі қоғамдағы өзектілігі туралы ой өрбіте отырып, ата-аналармен, студенттермен жүргізілген жұмыстардың практикалық бағыттарын және өзін-өзі тану пәнімен интеграциялаудың мүмкіндіктері туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.


Ата-аналар лекторийі

«Қазақтың қайраулы қылышы»Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлының 110 жылдығына арналған интеллектуалды батл

Өзін-өзі тану пәнінен міндетті факультативтік сабақ «Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті»

«Абайтану» курсының факультативтік сабағы

Қосымша білім беру «Мұғалімнің педагогикалық рефлексиясы»

Интеграцияланған сабақ «Химия және өзін-өзі тану пәндері»
