№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

24.02-05.03.2020 аралығында «Жалпы және кәсіптік білім беру» пәндік –циклдік комиссиясының «Әлемнің жеті кереметі» атты декадасы ұйымдастырылды

«Жалпы және кәсіптік білім беру» пәндік –циклдік комиссиясының мүшелері

Колледж директоры міндетін атқарушы Г.М.Ходжабергенова декаданы  ашты.

ПЦК төрайымы А.А.Капасова  іс-шараның өткізілу жоспарымен таныстырды.

Апта барысында өткізілген іс шаралар: Декада аясында «Қазақстанның жеті кереметі» атты конференцияны Абуев Абзал Нұрқасымұлының жетекшілігімен жүргізді. Білім алушыларды Қазақстан елінің өткені мен бүгінін таныту. Азаматтыққа және патриоттыққа, рухани-мәдени мұраларды сақтауға тәрбиелеу. Қазақстанның жеті кереметі туралы білімдерін жетілдіру. Конференция  Абзал Нұрқасымұлының сөзімен және мақсат-міндеттерді түсіндірумен басталды.

Конференцияда жеті баяндама оқылып, таныстырылды.  Сонымен қатар, Абзал Нұрқасымұлының сабақ беретін топтарының арасында көрме ұйымдастырылды. Ең үздік картина мен макеттерді оқытушылар анықтап, марапаттады.

Преподавателями колледжа Июнусовой М.Н.,  Капасовой А.А. был проведен диспут к 75 годовщине Победы ВОВ и году волонтеров под девизом «Чтоб тебя на земле не теряли –постарайся себя не терять».

Задачами диспута было:

  • подвести учащихся к осознанию того, какой след они хотели бы оставить на земле;
  • формирование нравственных устоев через создание провокационных ситуаций;
  • развитие творческих способностей и воспитание толерантности;
  • воспитание чувства патриотизма, гордости за историю своего народа;
  • развитие духовно-нравственных качеств у обучающихся.

На мероприятие были приглашены ветераны ВОВ.  

На празднике «Широкая масленица» приняли участие студенты 1-го курса.

Цели и задачи:

– познакомить с русским народным праздником, традициями, обычаями,    самобытной культурой;

– способствовать всестороннему, гармоническому и физическому развитию студентов;

– воспитание уважительного отношения к народным традициям, эстетических чувств доброты, внимания и чуткости друг к другу и окружающим людям;

– формирование у учащихся чувства коллективизма и взаимопомощи,  дисциплинированности, смелости, настойчивости, упорства, выдержки.

24.02.20 күні ЖжКББ кафедрасының он күндігінің ашылу салтанатында химия пәні оқытушылары от жалынымен шашу шашты. Бұл тәжірибеде қаныққан көмірсутек пропанның жану реакциясы көрнекі көрсетілді. Мұндағы мақсатымыз , білім алушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын ояту, өз беттерімен қосымша ізденуге, білім қорымен қарулануға шақыру.
26.02.20 күні «Химия физика білгірлері» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Бұл сайысқа колледждің 1 курс студенттері қатысты. Іс шараны химия физика пәні оқытушылары Буршакбаева С.Б, Оспанова Г.А, Жамалбек Ж. ұйымдастыруларымен өткізілді.
2020 жылдың жетінші наурыз күні «Өмірдің жеті кереметі» атты мастер-класс «Интеллект картаның құпиясы» тақырыбы бойынша TED – форматында өтілді. Іс шараға колледж директоры, әкімшілік мүшелері, колледж оқытушылыры және студенттер қатысты.
Мастер-класта теориялық материалмен бірге практикалық материалдар ұсынылды. «Образдық елестету арқылы қабылдау және еске сақтау» тренинг, «Мидағы конфликт» , «Балерина», «Зағиптер мен Піл», «Бағдаршам» жаттығулар, «Интеллект картаның мақсаты» және «Тони Бьюзен. Арманға кош келдіңіз!» атты бейнероликтер студенттерді шығармашылық, креативтік және ғылыми-зерттеушілігін жұмыстарды жүргізуге бағыттады. «Ақылды карталарды қалай жасауға болады?» атты практикалык жумыс өткізілген іс-шараның мақсатарына жеткендігін дәлелдеді.
Ақпан айының 28 күні математика пәнінен «Тапқыр болсаң озып көр» атты интелектуалды сайыс өтті. Сайыстың мақсаты:
– студенттердің ойлау қабілеттерін тексеріп, білім деңгейлерін анықтау;
– топпен бірлесе жұмыс жасай отырып, жетістікке жету ұмтылысын ояту.
-студенттердің математикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
-ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Интелектуалдық сайыс мынадай кезеңдерден тұрды:
І.Ынтымақтастық атмосферасы
ІІ. Кім көп біледі?
ІІІ. Құпиясын тап
IV.Формулалар билейді
V.Абай және математика
VI. Кім жылдам?
VII.Логика қайда?
VIII. Тобыңды шыңға шығар
Сайысты ұйымдастырушы оқытушылар: Көпбосынова Ә.Е., Молдахмет Э.Б., Ташкеева Ж.Т.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.