Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналғн «Қазақ тілі мен әдебиеті және әдістемелері» пәндік циклдық комиссиясының апталығы
Апталықтың алғашқы күні «Бала Абайдан – дана Абайға» атты драмалық қойылым болды. Абай өмірін білім алушылар қойылым арқылы суреттеп жеткізе білді. Апталық аясында Абай еңбектерінің зерттелуінде тың жаңалықтармен студенттерді таныстыру. Ғылыми – шығармашылық ізденістерге жетелеу. Абай шығармаларынан мысал келтіре отырып, жаңашыл ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Абайды оқы, таңырқа!» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел қонағы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану және әдебиет тарихы бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты, профессор Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлы қазіргі Абай еңбектерін зерттеу мәселелері бойынша сөз қозғады. Өзі авторлық еткен оқулықтарды колледж кітапханасына тарту етіп, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Ұйымдастырушы Тоқтыбаева Г.Б. Қырықбаева Н.Е.
“Ұстаздық еткен жалықпас” Абайдың педагогикалық, психологиялық көзқарастары (Семинар) Жауапты: Алтанова Р.З; Асенова Ж.М; Кемелбекова А.Е
Мақсаты: Данышпан ақын Абайдың шығармаларын педагогикалық, психологиялық тұрғыдан талдау. Білім алушылардың Абайдың тәлімдік поэзиясына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтай дана, Абайдай дара елдің ұрпағы екендіктерін сездіре отырып, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Абай шығармалары тәрбмелік мәнге толы , педагогикалық ойлармен таныстыруға нұсқау. Абай даналығын , тәрбиелік бағыттағы шығармаларымен білім алушыларды терең таныстыру.
Шәкірттерді Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының балалық шағы мен жастық шағы және өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен сазгерлігімен таныту. Педагогикалық ой-пікірлеріне шолу жасай отырып, өнеге алуды насихаттау.
Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу. Кейінгі ұрпақ тәрбиесіне Абай тәлімін дәріптеуге баулу.Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.
Білектей арқасында өрген бұрым…(Абай лирикаларындағы қазақ аруы)
Мақсаты: – Абай шығармаларындағы қазақ аруы бейнесін, ғашықтық сырлары мен махаббатқа толы жырларын ұғындыру.
– Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;
– «Сөз патшасы – өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой – қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;