№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНДІК ЦИКЛ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОН КҮНДІК АПТАЛЫҒЫ

Мақсаты:

-Жаңа білім алу парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік  (фундаменталдылық) қажеттілігін ұстану.

-Қазіргі заманғы үздіксіз өзгеріп жатқан жағдайында  оқытушылар мен білім алушылардың зияткерлік (интеллектуалы) қабілеттерінің дамуына бағытталуы кәсіпкерлік рух пен икемділік секілді қасиеттерді қабылдап, қазіргі заманғы өндірістік ортада өзіне сенімді түрде еңбек ете білу.

-Педагогикалық процесте жүйелі жұмыс жүргізе алу, педагогикалық өзгерістерге тез төселу, жаңаша ойлау жүйесін тез меңгеру, білімді, іскер, шебер болу дағдыларын қалыптастыру.

ПжП ПЦК оқытушылар құрамы- 20 педагогты құрайды.

ПЦК оқытушыларының әдістемелік тақырыбы «Кәсіби әдістемелік құзыреттіліктің функциясын жетілдіруде жаңа инновациялық технологияның

жетістіктерін  қолдану»  аясында он күндікте,

бір ашық сабақ, студенттер арасында ғылыми-практикалық конференция, колледж ұжымының жас мамандар ортасында конкурс, психологиялық қолдау көрсетуде оқытушылар мен студенттерге психологиялық кеңес беру жұмыс түрлері, мамандықтарға негізделген педагогикалық фестиваль және интеллектуалды танымдық марафондар мен психологиялық дуэль  сайыстар ұйымдастырылды.

Нурдавлетова З.Н. Психология. «Дуэль» (ғылыми психологиялық стиль)

Мақсаты: сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану “Блум таксаномиясы” арқылы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ғылыми психологиялық стиль туралы  білімдерін тереңдету. Психология, педагогика ғылымының жеке тұлғаның қалыптасып дамуына оқу және тәрбие аймағында туындайтын мәселелерді шеше білуге бағыттау.

Эрудит-2019» интеллектуалды конкурс. Байсбаев Е.А.

Мақсаты: білім алушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, дүниетанымын, ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін, білімге деген құштарлығын арттыру.

Білімді жастар – мәңгілік елдің болашағы» конференция. Бекұзақова А.Қ.

Мақсаты: Қоғамды дамытудағы  қазақстандық жастар  ролін айқындау, білім  беру  жүйесінде  жастардың толеранттылығы  мен ғылыми-теориялық    мәдениетін тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздестіру. 

Әрбір мемлекеттің болашағы ол жастардың қолында. Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар – бүгінгі жастар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы -білімді ұрпақ қолында» дегені жарқын істерге апарар жолды меңзеп тұрғандай. Расында, бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі, келешектін келбет емес пе? Сол себепті олардың білімді, алғыр, бәсекеге қабілетті болып өсуі ел дамуындағы аса маңызды фактор.

«Педагогикалық идеялар фестивалі» Ташиева Э.А.

Мақсаты:Фестиваль қоғамға өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін көрсеткісі келетін және  педагогикалық тәжірибиемен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл студенттерге  бағытталған.

Фестиваль білім берудегі технологиялар мен әдістемелерді жетілдіруге, тәжірибе алмасуға, мұғалім мамандығының дәрежесін өсіруге, заманауи мектептердің кадрлық әлеуетін қолдауға, Қазақстанның мәдени-білім беру кеңістігінің бірлігін қамтуға, мобильді білім беру ортасында тиімді жұмыс жасау үшін  педагогтердің шығармашылық қабілеттерін ашуға, коммуникативтік және басқа да құзіреттіліктерді дамытуға негізделген.

 

Колледж әкімшілігі тарапынан ПЦК оқытушыларының бағдарлама аясында өткен жұмыс жоспары бойынша іс-шараларға қатысып педагогикалық сараптама жүргізді.

Он күндік педагогика-психологиялық ғылыми интеллектуалды танымдық үдеріс. ПЦК оқытушыларына іс-шараға қатысқан оқытушыларға және студенттерге әкімшілік тарапынан  «Алғыс хат», дирекция атынан Құрмет граматаларымен   марапатталды.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.