№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«Латын әліпбиіне көшу – Қазақстан стратегиясы»

 «Латын әліпбиіне көшу – Қазақстан стратегиясы» / «Переход на латиницу – стратегия Казахстана» тақырыбында колледж базасында 2018 жылы 11 маусымда ұйымдастырылған қалалық семинардың ұйымдастырылды.

         Қалалық семинардың бағдарламасы  ҚББЖТҒӘО ТКББ бөлімінің әдістемелік кабинетімен біріге отырып жасалды.  

Семинардың мақсаты:  қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының идеясын насихаттау және белсене атсалысу.

       Қалалық семинарға қалалық әдістемелік кабинет қызметкерлері Г.Ж. Сүлейменова, С.А. Кеңесбаева  және  Алматы қаласының 20 колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушылары қатысты. Семинарды ұйымдастыруға колледждің әдістемелік кабинетімен «Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту әдістемелері»  пәндік циклдік комиссиясының оқытушылары қатысты.

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы  Б.С. Кунтуарова  семинарға модератор ретінде қатысып, практикум  ұйымдастырды.

 Семинарға қатысушылар  интербелсенді әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы латын әліпбиінде көптеген жұмыс  түрлерін  практикалық  тұрғыда орындады. Семинардың жұмысына  кері байланыс беру барысында семинарға  қатысушылардың барлығы өздерінің пікірлерін  «Мен үшін қызықты болды, мен үйрендім» деген бөліміне берді. Мысалы: «Семинар қызықты, жоғары деңгейде өтті», «семинар өте жақсы ұйымдастырылған, нақты дәл мәліметтер берілді», «Семинарда көптеген интербелсенді әдістер қолданылды және оған өзіміздің белсенді қатысқанымыз өте ұнады» және т.б. пікірлер білдірді.

Семинар соңында Г.Ж. Сүлейменова «Семинар осындай интербелсенді өткізу жоспарланған еді.  Бүгінгі семинар мақсатына жетті» деген пікірін білдіріп, колледжде латын әліпбиіне көшу барысында қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының атқарған латын әліпбиіне негізделіп әзірленген «Сауат ашу», «Көркем жазу» оқу құралдарын, латын тілінде жазылған бақылау диктанттарын, білім алушылардың латын әліпбиіне көшу мәселесіне көзқарастары мен латын тіліндегі жазу практикасын тексеру мақсатында жазылған эсселерінен т.б  жұмыстарын атап өтті және  семинарды ұйымдастырушыларға, оған белсене  қатысушыларға  алғыс  айтты.

СЕМИНАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР: Алимжанова А.Б. – №1АҚМГПК директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөнінен орынбасары, «Қазақ тілі, әдебиеті және оқыту әдістемелері» ПЦК оқытушылары

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.