
Мазмұны
бет.
1 |
Қолдану аймағы........………………………………………………………. |
4 |
2 |
Нормативтік сілтемелер …………………………………………………… |
4 |
3 |
Терминдер, анықтамалар мен қысқатулар ….………………………….... |
5 |
4 |
Негізгі міндеттері...............………………………………………………… |
6 |
5 |
Негізгі функциялары………………............................................................. |
7 |
6 |
Қызметті ұйымдастыру реті………….…………………............................. |
7 |
7 |
Қызметтің ақпараттық ресурстары………………..................................... |
8 |
8 |
Құжаттау……………………......................................................................... |
9 |
9 |
Құжаттарды әзірлеу және өзгерістер енгізу реті...........…..…………….. |
9 |
10 |
Құжаттың құпиялылығы ...........………………………………………… |
9 |
- Қолдану аймағы
1.Бұл Ереже Алматы қаласы Білім басқармасының «№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынындағы (әрі қарай - колледж) Индустриялық кеңесті ұйымдастыру тәртібі мен қызмет ету процесін анықтайды.
- Бұл Ереже индустриялық кеңес қызметі процесін ұйымдастыруға жауапты тұлғаларды, жұмыс берушілерді, әлеуметтік серіктестерді, бітіруші түлектерді, педагогтарды, басқа да қызығушылық білдіруші тараптарды тағайындауға және білім беру ұйымының барлық талаптарын есепке алады.
- Нормативті сілтемелер
Индустриялық кеңесті ұйымдастыруға дайындық барысында төменде көрсетілген нормативтік-құқықтық құжаттар қолданылды:
2.1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы
2.2. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы
2.3. «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы
2.4 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында индустриялық кеңестің қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы №566 бұйрығы
2.5 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығының қосымшаларымен.
2.6. «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығы
2.7. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы.
2.8. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығы.
2.9. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығы
2.10. «Ұйымдардың кадрларын кәсіби дайындауға, қайта даярлауға және біліктіліктерін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 1045 қаулысы
2.11. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығы.
2.12 "Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 72 бұйрығы.
2.13. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығы.
2.14 «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы
2.15 Білім беру бағдарламаларын құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.
2.16 Үлгілік оқу жоспарларын құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
2.17 Қазақстан Республикасының жалпы орта бiлiм беретiн мектептерінiң мектепалды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдары (Әдістемелік нұсқау хат).
2.18 Алматы қаласы Білім басқармасының «№1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі» КМҚК Жарғысы.
- Терминдер, анықтамалар және қысқартулар
Индустриялдық кеңес |
Білім беретін бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыруда әдістемелік көрсету бойынша консультативтік –кеңесші орган |
Индустриялдық кеңес комитеті |
Индустриялдық кеңес құрамына кіретін, колледждге білім беру бағдарламалары бағыты бойынша консультативтік-әдістемелік көмек көрсететін бөлімше |
Білім беретін бағдарлама |
Білім беру мазмұнының, оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемін, білім алушыларды дайындау деңгейінің талаптарын және оқу мерзімін анықтайтын оқу құжаты |
Модульдік технология |
Модульдік білім беру бағдарламаларын меңгерту негізінде оқу процессін ұйымдастыру тәсілі |
Оқытудың дуальді технологиясы |
кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны |
Оқытудың кредиттік технологиясы |
академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді (модульдерді) оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.
|
ЕCVET |
Кредиттік- модульдік технологиялар |
ИК |
Индустриялдық кеңес |
ЖМБС |
Жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты |
ТжКБ |
Техникалық және кәсіптік білім беру |
ББ |
Білім беру бағдарламалары |
ҮОБ ЖОЖ |
Үлгілік оқу бағдарламасы Жұмыс оқу жоспары |
ОЖ |
Оқыту жұмысы |
КО |
Кәсіби оқыту |
АТ |
Ақпараттық технологиялар |
ОӨЖ |
Оқу- өндірістік жұмыстар |
УӘЖ |
Оқу-әдістемелік жұмыстар |
ҒЖ |
Ғылыми жұмыс |
ПЦК |
Пәндік - циклдік комиссия |
- Индустриялдық кеңес қызметінің негізгі міндеттері
1) колледждің білім беру бағдарламаларының өзектілігін қамтамасыз ету үшін мазмұнын қарастыру;
2) оқу орнының бейіні бойынша сала кәсіпорындарымен, мекемелермен олардың практикалық сабақтарды ұйымдастыруға және түлектерді жұмысқа орналастыруға қатысуын кеңейту мақсатында байланыс жасауға жәрдемдесу;
3) түлектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін дағдыларды талап ететін саланың ағымдағы үрдістері, технологиялық/әдістемелік өзгерістер туралы ақпарат беру;
4) Жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу мүмкіндіктері туралы кеңес беру;
5) оқу орнының оқу процесіне тиісті саланың кәсіпорын дарды/мекемелерді тарту бойынша ұсыныстар қалыптастыру;
6) студенттерге стипендиялар мен сыйлықтар тағайындауға жәрдемдесу
7) оқу орнына зертханаларда, шеберханаларда және басқа да объектілерде қажетті оқу-өндірістік жабдықтар бойынша консультация беру;
8) сала кәсіпорындарымен/мекемелерімен әріптестік қарым –қатынастарды дамытуда оқу орнына көмектесу.
- Индустриялдық кеңестің негізгі функциялары
1) Кәсіпорындардың/мекемелердің талаптарына сәйкес келетін нақты технологиялық процестерге кадрлар даярлауды қамтамасыз ету;
2) бітірушілердің кәсіпорындармен/мекемелерге бейімделу мерзімін қысқарту;
3) орта мерзімді перспективада өзінің білім беру күш – жігерінің нәтижесінде салынған капиталдан үлкен қайтарымға қол жеткізу;
4) қосымша оқытуға жұмсалатын шығындарды төмендету;
5) білім беретін бағдарламалары мен оқу жоспарларын әзірлеуге қатысу, оқу орнының білім беру бағдарламаларын өндіріске нақты қайта бағдарлау;
6) Кәсіпорындар тарапынан білім беру ұйымдарын қаржыландыру көлемін ұлғайтуға ықпал ету;
7) өндірістік оқыту мен кәсіптік практика кезінде еңбекақы төлу мәселесін шешу;
8) өндірісте/ кәсіпорынында (машиналар, қондырғылар, жұмыс процестері және т.б.) нақты жағдайларда оқытуды ұйымдастыру мәселесін шешу;
9) Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қамтамасыз ету;
10) жұмыссыз жастар деңгейін төмендету;
11) білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін колледж қызметін тиімді ұйымдастыруға қатысу.
- Индустриялдық кеңес қызметін ұйымдастыру реті
6.1 Индустриялдық кеңес төрағасы тиісті саладағы компаниялардың, кәсіпорындардың өкілі болып табылатын ИК мүшелері арасынан сайланады.Төраға ИК қызметін басқарады, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасар атқарады.
6.2 Индустриялдық кеңес құрамына колледж өкілдері, оның студенттері мен түлектері дауыс беру құқығы жоқ консультанттар кіреді.
6.3 Индустриялдық кеңес бірнеше компоненттерден тұруы мүмкін, олардың әрқайсысы жеке білім беру бағдарламалары бойынша кеңес береді. Әрбір комитет қаралатын бағдарламаға сәйкес келетін нақты кәсіби саламен байланысты тәжірибесі мен білімі бар тиісті компаниялардың, кәсіпорындардың/мекемелердің салалық немесе кәсіптік қауымдастықтардың білім беру ұйымдарының басшылары немесе мамандары болып табылатын тұлғалардан тағайындалған 6-12 мүшелерден тұруы мүмкін.
6.3.1 Индустриялдық кеңес ресурсының әлеуетін оңтайландыру және тиімді ету үшін колледжде аралас және тектес кәсіптерді мамандандыру аясында біріктіру ұстанымы бойынша екі комитет жұмыс жасайды:
- «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш білім беру. Дене тәрбиесі және спорт» бағыты бойынша;
- «Негізгі орта білім беру. Аударма ісі» бағыты бойынша.
6.4 Колледж директорының бұйрығымен бекітілген колледж өкілі (куратор):
- Индустриялдық кеңес отырысының күн тәртібін қарастырады;
-Индустриялдық кеңес барлық шешімдерін ресімдеуді қамтамасыз етеді;
-Индустриялдық кеңес мүшелері мен колледж арасындағы жұмыстарды үйлестіреді.
6.5 Индустриялдық кеңес пен бағдарлама комитеттері отырыстарының ұсынымдарын іске асыру үшін оқу орны басшысы тағайындаған куратор жауапты болады.
6.6 Төраға Индустриялдық кеңес пен комитеттердің отырыстарын шақырып, бағдарламаның тиісті жетекшісімен кеңес беру бойынша күн тәртібін айқындайтын болады.
6.7 Комитет отырыстары Төрағаның немесе комитеттердің, бағдарлама кураторының немесе мүшелерінің көпшілігінің талап етуі бойынша жиі кездесу мүмкіндігімен жылына кемінде бір рет өткізілуі мүмкін.
6.8 Индустриялдық кеңес пен бағдарлама комитеттері дауыс беруші мүшелерінің 50% қатысса кворум заңды болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға шешуші дауысқа ие болады.
- Индустриялдық кеңес қызметінің ақпараттық ресурстары
7.1 ИК-тің ақпараттық ресурстарының негізгі базасы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер жүйесі болып табылады.
7.2 Колледж ИК мүшелеріне колледждің цифрлық кітапханасына қолжетімділіктерін қамтамасыз етеді, ақпараттық-заңдық және қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
- Құжаттау және Құжаттарды әзірлеу және өзгерістер енгізу реті
- Тіркеу, рәсімдеу, көбейту, жіберу, есепке алу, сақтау және құжаттарды әзірлеу және өзгерістер енгізу жұмыстары ТжәнеКБ жүйесіндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына, ҚР еңбек Кодексіне және колледж Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
- Құжаттың құпиялылығы
9.1 Осы Ереже Индустриялдық кеңес пен бейіндік білім беру бағдарлама комитеттері құрамына кірген тұлғалар, колледж әкімшілігі, педагогтары және стейкхолдерлер үшін міндетті қолданылатын құжат болып табылады. Осы Ережені, ИК құжаттарын аудит жүргізу кезеңінде тексеру үшін ішкі аудиторларға, сертификаттау/аккредиттеу, мемлекеттік аттестаттау органы мүшелеріне және колледж директорының рұқсатымен басқа талап етушілерден басқа ешкімге беруге болмайды.